ҚР ардагерлер мекемесі Көкшетау қалалық филиалының төрағасы Шияп Әлиев отанасымен бірге № 16 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Мәжіліс депутаттарын сайлау -еліміз үшін саяси қадамдардың бірі. Сондықтан мұндай маңызды оқиғаға азаматтық үн қосу парызымыз деп білеміз. Елдің тыныштығы мен тұрақтылығы жолында көп жұмыс атқарылуда. Тәуелсіздік жылдарындағы барлық сайлау кезінде мен өз таңдауымды жасап, дауыс беріп келемін,-дейді Шияп Шарапұлы.
Зеренді ауданының құрметті азаматы биылғы сайлауға жастардың көп түсіп жатқандығына қуанатынын жеткізді. Бұл сайлау – жастар үшін саяси мектеп дейді ол.
Парламент сайлауы барлық саяси партияның өз бағдарламаларын таныстыру арқылы, халықпен етене жұмыс істеуге, ел арасындағы проблемаларды шешу жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Бұған дейін әр партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бақылап отырдық. Саяи додада бағын сынаушылар бұдан кейін де қоғаммен байланысын үзбесе дейміз,-деп қосты төраға сұқбат кезінде.