spot_img
Бейсенбі, Шілде 10, 2025
14.8 C
Kokshetau

Қылшақты өзеніндегі қауіп сейілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Қылшақты өзенінің деңгейі көтерілгендігі себепті зақым келген автокөлік көпірі маңайында қауіпті сейілтуге арналған жұмыстар жүргізілуде. Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары тартылды. Жалпы саны 45 адам болатын жеке құрамда 1 қайық, 6 фронтальды тиегіш, 6 жүк техникасы, 4 су сорғыш техника, жеке құрамда 4 адамы бар 2 патрульдік экипаж жұмыс істеді,- деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі ТЖ комитетіне сілтеме жасап.

Су тасқынының қаупі туындаған учаскелердің паспортына сәйкес Көкшетау қаласындағы жалпы саны 183 тұрғын үй, оның ішінде бес қабатты 3 үй және № 8 және №12 орта мектептер кірген.

Облыс аймағында наурыздың 14-інен 16-сына дейін облыс аумағында күн жылынған, ауа температурасы күндіз +1С-тан +8С-қа дейін жетсе, түнде +1С-тан +4С-қа дейін жылы болған.

Қалың қардың еруіне байланысты, қала маңында, Бурабай және Зеренді аудандары аумағынан, Көкшетау қаласында Қылшақты өзеніндегі су деңгейі 1 м 40 см-ге (қауіпті деңгейі 3 м 20 см) көтерілгені байқалды», – деп атап өтті ТЖК-да.

Судың көтерілуі салдарынан Б.Әшімов көшесінің бойындағы №12 орта мектеп маңында автомобиль көпірін су басты. Су басқан жерде және Қылшақты өзенінің бойында жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі және төтенше жағдайлар бөлімі кезекшілік ұйымдастырды. Тұрғын үй кешені мен әлеуметтік нысандарды су басуға жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында Қылшақты өзенінің жағасын күзету және тазарту жұмыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 16 наурызда Қылшақты өзені мен Қопа көлінің қосылатын жерінде 855 шаршы метр аумақта мұз жару жұмыстары жүргізілді», – деп хабарлады ведомство.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды

Жастардың кәсіби жетістігін қолдауға бағытталған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» сыйлығының маңызы мен жаңашылдықтары кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика