spot_img
Жексенбі, Қараша 10, 2024
0.2 C
Kokshetau

Мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы – Раушан Әміренова

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Мемлекеттік тілді білу – Қазақстанның әрбір азаматының парызы» – екенін атап өтті. Президентіміздің бұл сөздеріне қатты қуанып, риза болдым.

Өйткені, әр азамат үшін өз Отанын, өскен өлкесін, оның тарихын, мәдениетін, тілін білу парыз. Халықтың тарихын, мәдениетін, тілін, рухани байлығын білу – адамда халыққа деген құрмет сезімін оятады.

Мемлекеттік тіліміздің қоғамдық өмірдің әр саласында кеңінен қолданылуы – ұлтты біріктіруге жетелейтін фактор екені баршамызға мәлім.

Біз тіл мәселесінде ақырын жүріп, анық басып келе жатқан елміз. Бұл көздеген мұратқа, белгіленген межеге жетудің дұрыс жолы екенін уақыттың өзі көрсетіп отыр.

Тіл – тәрбие діңгегі, тіл білім – ғылымды игеру көзі, тіл – ұлттың жаны. Мемлекеттік тіліміз – мемлекеттің нышаны. Бір мемлекетте бір мемлекеттік тіл өмір сүруі рухани тұтастыққа қол жеткізеді. Ал рухани тұтастықтың апарар шегі – шын мәніндегі үлкен алтын әріптермен жазылатын – Тәуелсіздігіміз.

Тіл – халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш, ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – өмір талабы, заман сұранысы, қоғам қажеттілігі деген жөн болар. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі болатынына күн сайын көз жетіп келеді.

Өзіміздің парызымызды адал орындап, қазақ тілі ғұмырының мәңгі болуына үлес қосайық.

Раушан Әміренова,

Ш.Уәлиханов атындағы

Көкшетау университетінің оқытушысы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«AQMOLA POWER» инновациялық идеялар мен жобалардың байқауы өтті

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, жыл сайынғы жастар, студенттер, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер арасында «AQMOLA POWER»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img