spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
7.3 C
Kokshetau

Мереке күндері жоғалған әйел танысымен романтикалық кеш өткізген

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында мереке күндері жоғалған әйел танысының үйінен табылды, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2021 жылдың 3 қаңтарында Ақкөл аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын, 54 жастағы әйел жүгініп, әпкесін іздеп табуға көмек сұраған. Оның сөзінше, әпкесі 1 қаңтар күні кешкі сағат 22:00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Жоғалған әйелді іздестіру шараларына Ақкөл ауданды полиция бөлімінің барлық жеке құрамы тартылып, жедел-іздестіру тобы құрылды. Ақмола облысы бойынша барлық полиция жасағына жоғалған әйелдің белгілерімен бағдар жіберілді

. «Жедел-іздестіру шаралары барысында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жоғалған әйелді танысының үйінен тапты. Анықталғандай, бойдақтар мерекелік кешті бірге өткізуді ұйғарған. Полицейлер әйелмен профилактикалық әңгіме өткізді» дейді ведомстводан.

Әйелге қатысты қандай да бір қылмыс пен құқық бұзушылық жасалмаған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика