spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
2.6 C
Kokshetau

Қазақстанға Дубайдан келген 1 адамнан коронавирус анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

20 жылғы 31 желтоқсанда ПТР-анықтамасыз ұшып келген қазақстандықтан COVID-19 анықталды, деп хабарлайды «Aqmola News» ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

«2021 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Мысыр, Түркия және Біррікке Араб Әмірліктерінен 7 халықаралық әуе рейсі келді. 811 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 661 адам, анықтамасыз 150 ҚР азаматтары келді», – делінген хабарламада.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

«2020 жылдың 31 желтоқсанында анықтамасыз келген 252 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды», – делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика