spot_img
Жұма, Тамыз 28, 2026
16.2 C
Kokshetau

Шетелден келген 11 қазақстандықтан коронавирус анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

30 желтоқсанында Қазақстан аумағына Нидерланды, Ұлыбритания, Мысыр, Түркия, БАӘ, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 9 халықаралық әуе рейсімен 1 258 жолаушы келді. Олардың ішінде теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамамен 1 044 адам келсе, 214 қазақстандықта тиісті анықтама болмаған. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Оның ішінде:

Алматы әуежайына – 4 рейс (526 жолаушы, анықтамамен – 510, анықтамасыз – 16);

Нұр-Сұлтан әуежайына – 3 рейс (469 жолаушы, анықтамамен – 286; анықтамасыз – 183);

Атырау әуежайына – 2 рейс (263 жолаушы, анықтамамен – 248; анықтамасыз – 15).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтті және карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде.

Ал 29 желтоқсанында Шарм-Эль-Шейх – Қостанай рейсімен анықтамасыз келген 11 жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зерендіде Ақмола облысының волонтерлер лагері өтті

Зеренді ауданында «CHANGEMAKER CAMP: «Өзгеріс өзіңнен басталады» атты Ақмола облысы волонтерлерінің лагері өтті. «Парус» демалыс базасында облыстың қала-аудандарынан келген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика