spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмолада жаңа онкологиялық орталық ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Елде індет жайлағаннан бастап денсаулық сақтау саласына қомақты қаражат құйылған. Ақмола облысында да бұл салаға биылғы жылы 73,4 миллиард теңге қаржы бөлінген. Олардың ішінде 14 миллиард теңгеден астамы коронавирус инфекциясымен күреске бағытталыпты, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Ақмола облысында бөлінген қаражаттың басым бөлігі ауруханалар мен емханаларды жөндеуге жұмсалған. Атап айтқанда Сандықтау аудандық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, Егіндікөл және Астрахан ауданында осыған дейін бірде-бір рет жөндеу көрмеген ауруханалар жаңа кейіпке енген.

Ал Бурабай ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде «Авиценна-Бурабай» ауруханасындағы инфекциялық бөлімге күрделі жөндеу жасалып, 40 кереует қойылған аурухана толықтай жаңадан жабдықтар қойылыпты.

Сондай-ақ 150 орынға арналған жаңа облыстық онкологиялық орталықтың да құрылысы аяқталған. Ашылу рәсімі облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен өткізілді.

«Аурухана барлық заман талаптарына сай салынып отыр. Заманауи жабдықтар орнатылып, адамдардың өмірін құтқарып тезірек сауығып кетуі үшін жақсы мамандар тартылды. Біз бірлесе отырып аурудың бетін қайтарып, жағдайды жақсарта алатынымызға нық сенімдімін, – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

Емдеу мекемесінде диспансерлік тізімде тұрған науқастар мен қатерлі ауруларға тап болған емделушілерді консультативтік-диагностикалық көмек көрсету де қарастырылыпты.

Жаңа орталық алдыңғы қатарлы медициналық жабдықтар – МРТ аппараты, КТ аппараты, 3 жұмыс орнына арналған рентген аппарат, стереотаксис функциясы қосылған мамограф, сонымен қатар эндоскопиялық құрылғылар орналасқан. Қабылдау 8 маманмен жүзеге асырылмақ. Қазіргі уақытта медициналық персоналды көшіру жоспарланыпты.

Ақмола облыстық көпбейінді аурухана бас дәрігері Нұрлан Жаровтың айтуынша, нысан індеттің таралу деңгейін төмендетуге қажеті барлық қажеттіліктермен қамтылған.

Бірінші қабатта анықтамалық, тіркеу бөлімі, зертхана, КТ және МРТ кабинеттері орналасады. Ал екінші қабатта рентген кабинеттері, УЗИ және функционалды диагностика, үшінші қабата мамандардың қабылдау кабинеттері, эндоскопиялық бөлім мен шағын ота жасау кабинеті ал төртінші қабатта қабылдау кабинеттері мен ЛФК және мәжіліс залдары болады, – дейді бас дәрігер.

Жалпы орталық облыста онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асырудың жетекшісі болып табылады. Бүгінде онкологиялық аурулармен күрес бойынша кешенді жоспардың 5 индикатордың төртеуінің орындалғаны байқалған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img