spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Ауылдағы ауыз су мәселесін «Nur Otan» қолға алмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі ел ішінде көп көтерілетін мәселелердің бірі болып табылатыны сөзсіз. Суы бар жердің ырысы бары дегендей қарапайым халықты толғандыратын бұл сұрақтың түйткілдігі басым.

Елдің қамын ойлаған «Nur Otan» партиясы, әсіресе шалғай ауылдардағы, ауыз су мәселесін қолға алмақ. Ақмола облыстық және Бұланды аудандық мәслихаттар депутаттығына «Nur Otan» партиясынан үміткерлер Айбат Есентуров, Раушан Хожабай, Сағадат Кабикенов және Шахман Құсайынов бастаған топ Никольское ауылының тұрғындарымен кездесіп, ауылға қатысты бірқатар түйткілді мәселелерді талқыға салды.

Айта кететін жайт, Никольское ауылының бір артықшылығы – ауыл темір жолдың бойында орналасқан, сондықтан ауыл халқы еш қиындықсыз жан-жақты бағытта жол жүре береді. Кезінде дүркіреп тұрған өндірістік тарихы бар елді-мекен бүгіндері, әрине, бұрыңғы дәуренін жоғалтқан, бірақ жергілікті халық болашаққа зор үмітпен қарайды. Тұрғындар саны да аз емес, оған дәлел – екі орта және бір бастауыш мектептерінің жұмыс істеуі. Сатылы деңгейді жеке кәсіпкерлік те дамып келеді. Халықты толғандырып жүрген мәселердің бірі – ауыз су құбырының тозып, істен шығуы. Жергілікті атқарушы билікпен жыл сайын өтетін жиындарда осы мәселе бақылауға алынса да, оң шешімін таппаған еді. Сүйінші жаңалықты күтіп отырған ауыл тұрғындарының жағдайын да түсінуге болады: ауыз сусыз толыққанды тіршілікті елестету мүмкін емес. Бірақ жағымды жаңалықтың ауылы алыс емес сынайлы. Биыл су құбырларын қайта жабдықтаудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге биыл 10 миллион теңге бөлінді, ал негізгі жұмыстардың, яғни жобаның жалпы құны 569, 8 млн.теңге құрайды. Жобаны жүзеге асыруға тиісті қаражат бөліну мақсатында салалық басқармаға бюджеттік өтінім жіберілді.

Осылайша, «Nur Otan» партиясының көмегімен, жергілікті атқарушы биліктің басшылығымен елді-мекенде маңызды мәселе шешіліп, әлеуметтік ахуалға оңтайлы әсері тиетіні айдан анық.

Кездесу соңында нұротандық белсенділер ауыл тұрғындарын ауызбіршілікке, ынтымаққа шақырып, келер жылдың 10 қаңтарында дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауы беруді шақырды. Өйткені, көшбасшы партиямен бірге ауылдағы басқа да маңызды мәселелер шешемін табатынына сенім де, кепіл де зор.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img