Халықты қызықтыратын сұрақтар сенің үлкен мегаполисте немесе шағын қалада тұратындығына байланысты емес екендігі ешкімге де құпия емес. Тұрғын үй беру мәселесі, әлеуметтік сала, білім беру, денсаулық сақтау осы сұрақтардың барлығы біздің көпұлтты мемлекетіміздің халқын біріктіреді.
«Nur Otan» партиясы өзінің Сайлауалды бағдарламасында біздің азаматтарымыздың өмірін жайлы және қауіпсіз етуге мүмкіндік беретін, экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, оларды жеті негізгі басымдыққа біріктіріп, халыққа қатысы бар барлық негізгі сұрақтары мен аспектілерді максималды түрде қамтыды.
23 желтоқсанда Ақкөл ауданына Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мади Елубаев пен «Орленок» ЖШС директоры Павел Безвербный келді. Күні бойы облыс маслихатына үміткер Мейрам Оразалинмен, аудандық маслихатқа үміткерлер Бауыржан Умербаев пен Жулдызай Салыбековамен бірігіп бірнеше объектілерге барды және Ақкөл ауданының тұрғындарымен кездесулер өткізді.
Ауданның кәсіпкерлерімен эспромт – кездесу барысында «Шарм» сауда уйінде қатысушыларды «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды және кіші және орта бизнес саласын дамытуға қатысты негізгі сұрақтарға тоқталды. – «Кәсіпкерлерге ары қарай қолдау көрсету және Қазақстандық қамту үлесін арттыру мақсатында «Nur Otan» партиясы «2025 Жол бизнес картасы» бағдарламасы аясында жыл сайын несиелендіру механизімін қолдануға, соның ішінде субсидия беруге, қайтарымсыз гранттар беруге қол жеткізуге тырысады. «Бастау бизнес», «Енбек» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқытуға, шағын несие беруге, жаңа бизнес идеяларын жүзеге асыруға мемлекеттік гранттарды бөлу. Бұл шаралар кіші және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының санын 1,5 мың адамға, КОБ айналысушылар санын 4,5 мың адамға дейін көбейтуге мүмкіндік береді, сәйкесінше Ақкөл ауданы бойынша өнімді шығаруда көбейеді.» – деп, Павел Безвербный атып өтті.
Кездесулер барысында үміткерлер Ақкөл қаласы мен Новорыбинка ауылының тұрғындарымен сұхбаттасты. «Nur Otan» партиясының бағдарламасы туралы айта отырып, тұрғындарды қызықтыратын сұрақтарына жауап беріп отырды. – «Nur Otan» партиясы кезекті сайлауға 2025 жылға дейін жоспарланған нақты бағдарламамен шығуда. Сонымен қатар 216 облыстық, аудандық және қалалық бағдарлама құрылды. Аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, әр бағдарламада жеті негізгі басымдықтарға біріктірілген өзінің бағыттары айқындалған. Партия біздің мемлекетіміздің тұрғындарын қызықтыратын барлық сұрақтарды максималды қамтыды және алға қойылған барлық тапсырмаларды бір мақсатқа жету үшін, жалпы барлық тұрғындардың әл – ауқатын жақсарту үшін іске асырады, бұл мегаполис немесе шағын елді мекен болса да» – деп, Мади Елубаев Ақкөл қаласының тұрғындарымен кездесуінде сөзін қорытындылады.
Әрине, Ақкөл қаласына келген үміткерлер, 2018 жылдан бастап «Ақылды қала» статусын алған, Жағдайат орталығын назардан тыс қалдырмады, онда үміткерлер еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Орталықтың жұмысымен танысып, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті және орталық қызметкерлеріне партия жоспарлары туралы айтып берді.
– «Біз барлығымыз болашақтың тұрақтылығын және барлық қазақстандықтардың әл – ауқатының жақсарғанын қалаймыз, міндетті түрде 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келеміз және «Nur Otan» партиясын қолдаймыз! – деп, Ақкөл ауданының тұрғындары Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткермен кездесулердің барысында бірауыздан пікір білдірді.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Ақкөл ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді