spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Бурабайда танысын жезөкшелікке мәжбүрлеп келген ер адам ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданының курорттық аймағында танысын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген ер адам полицияның қолына түсті. Ол қыздың материалдық тәуелділігін пайдаланып, , деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Интимдік қызметке мәжбүрлеген жігіт қылмыстық кодекстің қос бірдей бабымен тергеуге алынған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше  29 жастағы Көкшетау қаласының азаматы бірнеше мәрте сотталған ер адам материалдық тәуелділігі үшін 25 жастағы таныс қызды бір жылдан астам уақыт бойы Бурабай ауданында интимдік қызмет көрсетуге мәжбүрлеп келген.

Мұнымен қоса ол бір жыл бойы қыздан ақша бопсалап келгені белгілі болған.

«Қазіргі уақытта аталған екі қылмыстық фактілер бойынша қылмыстық кодекстің 308 «Жезөкшелікпен айналысуға тарту» және 194 «Бопсалаушылық» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Ұсталған күдік азамат уақытша оқшаулағышқа қамауға алынған.

Өмірде өз жолын таба алмаған нәзік жандылардың көпшілігі жеңіл жүріске салынуға әкеліп соғатынын тәжірибе көрсетіп отыр. Негізінен мұндай жеңіл жолмен ақша табуға алкогольге және еркін өмір сүруге бейім әйелдер түсіп жатыр, – дейді полиция департаментінен.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img