Азат Перуашев басшылығымен «Ақ жол» демократиялық партиясы Тараз қаласында жергілікті кәсіпкерлермен кездесті,-деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясы.
Партия өкілдері облыс кәсіпорындарының еңбек ұжымдарын аралады. Олардың қатарында » ТаразКожОбувь», «ПОШ-Тараз», «Тараз былғары зауыты» ЖШС бар.
«Ақ жол» партиясынан Мәжіліске кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, өндіріс қызметкерлерімен әңгімелесті.