spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
-0.2 C
Kokshetau

Шортанды ауданында көп балалы отбасыларға пәтер кілттері табысталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ауданның көпбалалы отбасыларына пәтер кілттері табыс етілді. Тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша аудан орталығында Дзержинский көшесіндегі жаңа тұрғын үйде жоспарланған 36 пәтерден 7 отбасыға баспана кілттері берілді,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

  • Бүгін кезекте тұрған азаматтар үшін үлкен қуаныш. «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асырудың арқасында көп балалы отбасылар жаңа пәтерлер алуда. Баршаңызды көптен күткен және айтулы оқиғамен құттықтаймын. Сіздердің үйлеріңізде әрқашан бейбітшілік, келісім және амандық болсын!»- деді аудан әкімі Гайдар Қасенов.

Жалпы, аудан әкімінің айтуынша, биылғы жылы ауданда тағы да 24 көп балалы отбасы, 12 халықтың әлеуметтік осал тобы тұрғын үймен қамтамасыз етілмек. Одан бөлек осы санаттағы азаматтардың тұрғын үй мәселелерін кезең-кезеңімен шешу жоспарланады.

Айта кету керек, бұл жалға берілетін тұрғын үй ауданда кезекте тұрған аз қамтылған отбасыларға қалыптасқан кезек тәртібімен берілуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика