spot_img
Жұма, Шілде 10, 2026
24.1 C
Kokshetau

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» акциясына 200-ге жуық тұрғын қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тұрғындарды табиғатты аялауға үндейтін тағылымды іс-шаралар өтті. Басты мақсат – қоршаған ортаның тазалығын сақтау мәдениетін қалыптастырып, елді мекендерді көркейтуге тұрғындарды жұмылдыру.

Акция «Таза Қазақстан – ортақ жауапкершілік» атты экологиялық лекторийден басталды. Кездесу барысында қатысушыларға табиғатты қорғаудың маңызы, туған жердің тазалығын сақтаудағы әр азаматтың жауапкершілігі және жастардың экологиялық бастамаларға белсенді қатысуының маңызы түсіндірілді.

Күннің екінші жартысында «Жасыл мекен – таза өлке» атты экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. «Туған жерге тағзым – таза ортадан басталады» ұранымен өткен шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жастар, еріктілер және аудан тұрғындары қатысты. Барлығы 200-ге жуық адам қоғамдық орындарды тазалап, тұрмыстық қалдықтарды жинап, аумақтарды абаттандыру жұмыстарына үлес қосты.

«Тазалық – бір күндік науқан емес, ол – әр тұрғынның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Осындай ортақ іске аудан тұрғындарының белсенді қатысуы туған жерге деген жанашырлықтың айқын көрінісі. Бірлесіп атқарылған әрбір игі іс ауданымыздың көркеюіне және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосады», – деді Жақсы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Олжас Әбжанов.

Іс-шараға аудан басшылығы, жастар ресурстық орталығының өкілдері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының мамандары және белсенді тұрғындар қатысты.

Мұндай экологиялық бастамалар елді мекеннің тазалығын сақтауға ғана емес, қоғамда табиғатқа жанашырлық мәдениетін қалыптастыруға да ықпал етеді. Жақсы ауданында өткен сенбілік тұрғындардың туған жерге деген жанашырлығы мен ортақ іске жұмыла білетінінің жарқын үлгісіне айналды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сарапшылар білім беру, мәдениет және креативті индустрия салаларын дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды

«Әділет» партиясында «Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы» тақырыбында стратегиялық сессия өтті. Ғылым, білім беру, креативті индустрия, экология және қоғамдық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика