spot_img
Жұма, Сәуір 25, 2025
19.8 C
Kokshetau

Ақмолада мопедтер ресми көлік құралы мәртебесіне ие болды: жаңа талаптар мен тәртіп түсіндірілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Полиция өкілдері өңір тұрғындарына мопедтерді басқаруға қатысты жаңа құқықтық талаптар мен тәртіптерді кеңінен түсіндірді. Енді мопедтер заң жүзінде механикалық көлік құралдарына теңестіріліп, оларды жүргізу үшін арнайы құжаттар мен рұқсаттар қажет болады.Бұл туралы брифинг барысында Азамат Байғазин Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Өткен жылғы 5 сәуірден бастап күшіне енген өзгерістерге сәйкес, мопед иелері өз көліктерін міндетті түрде тіркеуден өткізуі қажет. Жүргізушінің «А1», «А» немесе «В» санатындағы куәлігі болуы шарт. Сондай ақ жыл сайын техникалық байқаудан өтуге, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру рәсімдеуге міндетті.

«Мопедті тіркеу үшін азаматтар арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жеке куәлігімен, техникалық құжаттарымен немесе мопед сипаттамасын растайтын интернет деректерімен жүгінуі тиіс. Сондай-ақ мопедке техникалық байқау жүргізу және тиісті мемлекеттік баж салығын төлеу талап етіледі», деді спикер.

Бүгінде облыс бойынша 1565 мопед бірлігі ресми тіркеуден өткен. Құзырлы орган өкілдері мопедті тіркеу мерзіммен шектелмейтінін, бұл процесс тұрақты түрде, автокөліктерді тіркеу тәрізді жүргізілетінін атап өтті.

Мотокөлік құралдарын алғаш рет тіркеу үшін полиция қызметкерінен алынатын техникалық байқау актісі, мемлекеттік кеден декларациясы , Электронды көлік паспорты, Көлік түрінің мақұлдауы, Электронды сату-сатып алу шарты, Дилер берген сертификат болуы керек.

Брифинг барысында қозғалыстың басқа да жеңіл түрлеріне қатысты маңызды ережелер айтылды. Полиция өкілінің айтуынша , электросамокат пен велосипед жүргізушілері көлікті екі қолмен басқаруы керек. Онымен қоса жолаушы тасымалдауға, шлемсіз жолға шығуға қатаң тыйым салынған.

«Электросамокат жүргізушілері велосипед жолақтарымен немесе тротуармен сағатына 6 км аспайтын жылдамдықпен қозғала алады. Ал 18 жастан асқан, жүргізуші куәлігі бар азаматтар қоғамдық көлік жолақтарымен де жүре алады», деді Азамат Байғазин.

Велосипед жүргізушілері арнайы жолақтар болмаған жағдайда жолдың оң жақ шетімен немесе жол жиегімен қозғалуы тиіс. Мотормен жабдықталған велосипедтерге тротуар мен жаяу жүргінші жолымен жүруге рұқсат етілмейді.

Қорытындылай келе спикер Ақмола тұрғындарын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда мұқият болуға және қоғамдық тәртіпке бейжай қарамауға шақырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы санағына дайындалып жатыр

2025 жылы Қазақстан ауқымды статистикалық науқанға – ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындалып жатыр. Бұл маңызды шара алдағы жылдары аграрлық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика