spot_img
Жұма, Тамыз 14, 2026
29.2 C
Kokshetau

Ақмолалық оқушылар халықаралық байқауда жеңіске жетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды ауылының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 8  сынып оқушылары — Тулеген Ә., Аманбек Н., Зорький Д. — халықаралық Ciena Solutions Challenge байқауынан 750 АҚШ доллары көлеміндегі грант ұтып алды.

Оқушылардың «Болашақты қайта жазамыз: Мектепте және қоғамда қағаз шығынын азайту» атты жобасы қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. Жетекшісі — ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Батыргалиева Гүлім Токатқызы.

Ciena Solutions Challenge — бұл Ciena және Digital Promise ұйымдары ұйымдастырған жаһандық байқау. Ол оқушыларды нақты проблемаларға шешім іздеуге және БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жобалар әзірлеуге ынталандырады. Байқау Challenge Based Learning әдісіне негізделген, яғни оқушылар өз қауымдастықтарындағы өзекті мәселелерді зерттеп, нақты шешімдерді жүзеге асырады.

Жоба туралы толығырақ: https://www.cienachallenge.org/en/custom/projects/view/26457

https://digitalpromise.org/2025/04/16/announcing-the-2025-ciena-solutions-challenge-sustainability-awards/

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылтай – елдік ой мен қоғамдық жауапкершіліктің жаңа белесі

Қазақ халқының тарихи жадында «Құрылтай» ұғымының орны айрықша. Ежелгі дәуірлерден бастау алатын бұл атау ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика