spot_img
Сенбі, Сәуір 12, 2025
6.1 C
Kokshetau

Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет!

Сондай-ақ...оқыңыз

Қосшы қаласында орналасқан қоғамдық мәдени спорт кешені ғимаратында «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу – міндет!» деп аталатын ТEDx форматындағы жастармен кездесу өтті.

Аталған кездесуге «Қазақстан медицина жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жас хирург – Абылайхан Әбдіраш, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы директоры – Бейсенбаев Олжас Түсіпбекұлы, «Esbol Qory» төрағасы, ҚР Президенті жанындағы жастар жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі – Ақтаев Жандос Берікұлы, профориентолог, PhD кандидат, «Dauletten» қайырымдылық қорының президенті – Қуандық Жасұлан Бостандықұлы, Қазақстан Студенттері Альянсының төрағасы – Наукен Ұлан Аманқазыұлы, Ақмола облысы «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ басшысы – Ермеков Дастан Амангелдіұлы және жергілікті прокуратура, полиция өкілдері қатысты.

Кездесуде спикерлер жастарға арналған бағдарламалар, жастар арасындағы әлеуметтік мәселелер мен қоғамдық белсенділік туралы сөз қозғады.

«Іс-шараға Қосшы қаласының 60 жуық белсенді жастары қатысты. Кездесуде нашақорлық қоғам дерті, нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейтіні, бұл жерде заң сақшылары, нарколог мамандар, ата-аналар және әрбір еліміздің азаматы шетте қалмау керектігі жөнінде айтылды. Ғасыр дертімен күресу керек екендігі түсіндірілді. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол адамның өз өмірі, сол өмір әркімнің өз қолында деген кеңестер берілді.

Қаламызда есірткіге тәуелді жастар тіркелмеген. Бұл жақсы жаңалық. Дегенмен жастар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізіліп тұрады» – дейді ұйымдастырушылар тарапы атынан қалалық ЖРО директоры – Мөлдір Дүйсембаева.

Сондай-ақ, қазіргі таңда мектеп оқушылары арасында ең ауқымды тақырып «Мамандық таңдаудағы негізгі қадамдар мен кәсіптік бағдар» туралы тақырыптар қозғалып, қатысуышлар тарапынан қойылған сұрақтарға сапалы жауаптар айтылды.

Кездесу соңында, Қосшы қаласының белсенді волонтерлері Ақмола облыстық жастар-ресурстық орталығының басшысы Дастан Амангелдіұлының атынан алғыс хатпен марапатталды.

Қосшы қаласының жастар ресурстық орталығы

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында балық аулауға шектеулер енгізілді

Көктемнің келуімен Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының су айдындары ерекше режимге көшеді – балықтардың уылдырық шашу кезеңі басталады. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img