spot_img
Сәрсенбі, Қыркүйек 2, 2026
15.2 C
Kokshetau

Көкшетау чемпиондарды қарсы алды: Қазақстан әлемдік турнирде 13 алтын медаль алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Мәскеуде 12 елден 730 спортшы қатысқан каратэ-до шотокан бойынша әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық каратэшілер керемет нәтижелер көрсетті.

Қазақстан құрамасы 13 алтын, 15 күміс және 15 қола медаль жеңіп алып, командалық есепте екінші орын алды. Турнирдің көшбасшылығын Ресей құрамасы алып, ал үшінші орын Армениядан келген спортшыларға бұйырды.

Бұл жетістік спортшылардың қажымас еңбегінің, сондай-ақ жаттықтырушылар штабының үйлесімді жұмысымен, дене шынықтыру және   спорт басқармасы, жоғары шеберлік спорт мектебі мен облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі басшылығы қолдауының арқасында мүмкін болды. Қазақстан құрамасының тоғыз мүшесі   ақмолалықтар – алтын медальдармен оралды.

Көкшетаулықтар қазақтың салты бойынша өз батырларын аса қуанышпен жылы қарсы алды. Келгеннен кейін спортшылар бірден туыстары және жақындарымен қауышты.  Балаларды жоғары жетістіктерімен облыстық каратэ-шотокан федерациясының, жоғары спорт шеберлігі және облыстық балалар спорт мектептерінің   басшылары құттықтады.

Жарыстан алтын медальмен оралған   он бес жасар Карина Келдібекова өзінің  алған әсерлерімен былай деп бөлісті:

-Мен каратэ-до штоканмен  6 жыл бойы айналысып келемін . Бұл менің екінші халықаралық жарысым. Әлем чемпионаты жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Турнирде әлсіз қарсыластар болған жоқ – барлығы жеңіс үшін жанын салып, күресті. Мен бес жекпе-жек өткізіп, бәрін жеңдім. Бұл менің ең үлкен жеңісім және мен оны мақтан тұтамын.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Бизнеске 100 игі іс»: Ақмола облысында әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылуда

Ақмола облысының барлық қалалары мен аудандарында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында прокуратура органдарының, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика