spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 12, 2025
-20.3 C
Kokshetau

Көрікті, көркем, кербез Көкшетау!

Сондай-ақ...оқыңыз

Автор: қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев.
——————————————-
Өзің боп нәзігім де, дөкейімде,
Көкшетау сен жүресің көкейімде!
Еркеш Ибраһим.
——————-
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов:
“НЕ ІСТЕСЕК ТЕ БӘРІ ДЕ САПАЛЫ БОЛУЫ КЕРЕК!»
* * *
Бүгін (6 наурыз 2025 жыл) Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетауды көрікті, көркем, кербез қалаға айналдыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстардың барысымен және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстардың жобасымен танысып, нақтылы міндеттер белгіледі.
* * *
Көкшетау қаласын абаттандыру және сәулеттендірудің жаңа бағыт-бағдарының қалыптасу жағдайында «не істесек те бәрі де сапалы болуы керек!» деген облыс әкімі Марат Ахметжановтың осы бір ауыз сөзінде іске деген шынайы жанашырлығы еді.
Иә, басынан бір бұлт кетпеген бұл Көкшетауды «ғажап қалаға» айналдырамыз деп келген әкімдер көп болды. Әрине сол әкімдердің ешқайсының еңбектерін жоққа шығара да алмаймыз. Әркім өз дүниетанымдарына орай іс жасады.
Бірақ, осы соңғы бір жылдағы Көкшетау қаласын абаттандыру мен көркейтудің алғашқы жұмыстары барлық көкшетаулықтардың көңілдерінен шығып, жанымыз жадырап сала берді.
Іс жаңа басталып жатса да, сол басталған істің алғашқы нәтижелерін көріп, көңіл де көркейе бастады.
Үнемі жағалауы қорыс батпаққа айналып, қамыс өсіп кеткен Қопа көлін айнала жол тартылып, ол жол тура Кенесары көшесінен шығар маңдағы алғашқы жұмыстар көлдің айдынын жарқыратып, кең тынысын ашып, жағасын жайлы бір демалыс орнына айнала бастағалы Көкшетау қаласы замануи қала есебінде қайра бір жаңғыра бастады.
Тіпті, қазір көкшетаулықтар «жүр, Қопаның жағалауын көріп қайтайықшы» дейтін ерекше бір сүйіспеншілікпен сөйлейтін болды.
Былтырдан бері облыс әкімі Марат Ахметжанов осы Қопа көлінің жағалауын өз «десанттарымен» жиі-жиі жаяу аралап, тіпті көл жағалауына төселіп жатқан әр тақтасты (брусчатка) қолымен ұстап, «бізге бірер жылдан соң үгітіліп қала беретін тақтатас керек емес, өте сапалысын төсеуіміз керек» деп нақтылы бір тапсырмалар бергенін де көз көріп, құлақ естіген еді.
Бүгін де міне, әлі қар көбесі сөгілер-сөгілместен Көкшетау қаласын абаттандырудың жаңа бағытын анықтап, нақтылап алу мақсатында Марат Мұратұлы тағы да көше аралады.
«Мәңгілік алау» кешенінің айнала төңірегін саябаққа айналдыру мәселесін тағы бір пысықтап алды.
Бұл маңдағы жер үйлер сырылып бітті. Енді сол үйлердің орны көкшетаулықтардың дем алатын, серуен құратын, балалар ойнайтын жайлы да сайлы баққа айналады. Бұл әкімнің бірзадан бері көкейінде жүрген болатын. Былтырғы алапат су тасқыны болмағанда бұл ара ендігі гүл-гүл жайнап та тұратын еді. Енді сәтін салар деп тұрдық!
Жаяулап « Мәңгілік алау» кешеніне апарар жаяу жүргішілердің жолымен жүріп, жан-жақтың барлығына жіті көз салып келе жатқан Марат Мұратұлы кейбір сұрықсыз тұрғын үйлерді, Жақия қажы мешітінің маңын бүгінгі күн талабына сай көріктендіру жайын айтып, Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Күмпекеевке және мамандарға ұсыныс енгізуді тапсырып жатты.
Әкім бастаған жаяу жүргіншілер жан-жақты шола отырып, Қопаның жағалауына да келіп жеткенде, біраз бизнес өкілдері де осы арада тұрған еді.
-Қопа көлінің жағалауын абаттандырып жатырмыз! Күні ертең бұл жағалау көкшетаулықтар мен осы қалаға келетіндердің де дем алып, серуендейтін, сүйікті бір орнына айналады. Бұл арада балалар ойын алаңынан бастап, сауда-саттық және жайланып отырып шай-пай ішетін шағын дәмханаларға да дейін болады деп отырмыз. Қазірдің өзінде осы жағалауға өз сауда нүктелерін орнатқысы келіп сұранып жатқан Астанадан былайғы қалалардың іскер адамдарынан өтініш көп болып отыр. Ал, біз ең әуелі өзіміздің өңірдің кәсіпкерлерін тартқымыз келіп отыр. Жұмыс та болады. Салық та өзімізде қалады. Сондықтан өз орындарыңызды осы бастан анықтап, осы бастан кәсіптеріңізді ойластыра беріңіздер,-деп облыс әкімі Марат Ахметжанов өзіне тән іскерлік және жанашырлық ниеттегі сөзін айтты.
***
Көкшеге қызметке келер болсаң ең әуелі, Көкшетау атты қаланы жан-жүрегіңмен сүйе білу керек! Мен соны Марат Ахметжановтың бойынан танып отырмын!
Жүрегінде Көкшетауға деген сүйіспеншілігі, көңілінде Көкшетауға деген адал пейілі мен ниеті бар азамат қана Көкшетауды бүгінгідей көркейтіп, бүгінгідей нұрландырып, бүгінгідей асқақтата алады.
Иә, Көкшетау көңілдің қаласы, Көкшетау жүректің қаласы, Көкшетау ән мен сезімнің қаласы. Осы бір жай Көкшетауға қызмет бабымен келіп-кетіп жатар кім-кімнің де әрдайым есінде болса екен!
Сөз жоқ Көкшетау абаттанады, Көкшетау сәулеттенеді!
Қопаның айдынын жарқырай түседі әлі де!
Иә, сәтін салсын!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

*Үкімет бірыңғай сағаттық белдеуді енгізу туралы шешімді толықтай қолдайды – Е.Көшербаев*

Бүгін Мәжілістегі «AMANAT» Фракциясының мүшелері өзгерген уақыт белдеуінің халықтың физикалық және психикалық денсаулығына, еңбек өнімділігіне және энергетикалық ресурстарды тұтынуға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img