spot_img
Жексенбі, Ақпан 9, 2025
-12.3 C
Kokshetau

Мұнай-газ саласында техникалық мамандықтар үшін 22 мыңға жуық жұмыс орны ашылады – Энергетика министрлігі 

Сондай-ақ...оқыңыз

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысында Жұмысшы мамандықтары жылы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Ол бүгінгі таңда республиканың отын-энергетикалық кешені саналатын 1671 кәсіпорында 303 мыңнан астам түрлі кәсіп қызметкерлері жұмыс істейтінін атап өтті.

2030 жылға дейін ОЭК салаларында құрылыс кезеңінде де, тұрақты жұмыс орындарында да 83 мыңнан астам сапалы жұмыс орындарын құра отырып, 99 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Мұнай-газ саласындағы жобаларды іске асыру мұнай-газ саласының да, аралас салалардың да техникалық мамандықтары үшін шамамен 22 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Мұнай-газ химиясына 6 ірі жобаға 21 мыңнан астам қызметкер тартылатын болады, оның ішінде 18 мыңы уақытша және 3 мыңнан астамы тұрақты жұмыс.

Электр энергетикасында 72 жобада, оның ішінде 32 жаңартылатын энергетика жобасында 41 мыңнан астам жұмыс орны, уақытша 35 мыңнан астам және тұрақты 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.
«Атом электр стансасын салу жобасы бойынша 2030 жылға қарай 5 мыңға жуық адам, ал 2032 жылы құрылыстың шарықтау кезеңінде 10 мыңға жуық адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етілетін болады. Пайдалану кезеңінде жоба кемінде 2 мың адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жаңа жобалардан басқа, жұмыс істеп тұрған ОЭК кәсіпорындарында 2025-2029 жылдар кезеңінде кадрларға жалпы қажеттілік қосымша 16 мыңға жуық жұмыс орнын құрайды», — деп толықтырды Алмасадам Сәтқалиев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Altyn Qala!» – Ұлттық басылымның бірі!

Автор : Қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев. 2 ақпан Ұлттық басылым күні аталып өтіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img