spot_img
Бейсенбі, Желтоқсан 5, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Қаланың ірі өнеркәсіп орындары бос жұмыс орындарын ұсынуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ Көкшетау қ, солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 7-жол, 6-үй «ENKI» ЖШС және «ENKI PLUS» ЖШС компаниясының базасында Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Атап өтсек, облыстық ЖРО әр тоқсан сайын ірі өнеркәсіп орындарында, қаламыздың орталық саябағында және мемлекеттік мекеменің акт залында аталмыш жәрмеңкелерді өткізіп отырады.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінің мақсаты – жұмысқа орналастыру, өндірістегі жұмыстың көрсетілімі, сондай-ақ өзінің ашық бос жұмыс орындары мен жастарға арналған мансаптық мүмкіндіктер туралы әңгімелеу болып табылады.

Жәрмеңкеде «Энергетик», «Слесарь», «Токарь», «Фрезерощик» сияқты салалар бойынша бос жұмыс орындар ұсынылды. Сонымен қатар, компания бойынша қауіпсіздік техникасы бойынша ақпараттандыру жүргізіліп және экскурсия өткізілді.

Аталған шараға Көкшетау қаласындағы «Арна» колледжінің «Электрик» мамандығы бойынша 3-4 курс студенттері, Жоғары техникалық колледжінің студенттері, жастар арасындағы жұмыс іздеушілер, БАҚ өкілдері, ұйымдастырушылар және «ENKI» компаниясының қызметкерлері қатысты.

«Бүгін біз бос жұмыс орындар жәрмеңкесін Көкшетау қаласындағы «ENKI» кірпіш өндіру зауытында өткіздік. Жәрмеңкеге 30-дан аса студенттер қатысты. Аталмыш бос жұмыс орындар жәрмеңкесі аясында студенттер өндіріс қалай жұмыс істейтіні, қызметкерлер үшін қандай артықшылықтар бар екендігі жөнінде ақпарат алды. Жұмыс барысын өз көздерімен көріп, шараға қатысқан студенттерге кәсіпорын ұнап, бос лауазымдар жайлы қызығушылықтарын танытты. Осындай жәрмеңкелерді алдағы уақытта тағы да өткіземіз» – дейді облыстық ЖРО-ның жастарды жұмысқа орналастыру маманы Шыңғысхан Елеш.

Айта кету керек, кәсіпорын 2006 жылдың ақпан айында «Жылына 60 млн.дана кірпіш өндіретін керамикалық кірпіш шығаратын зауытын салу» инвестициялық жобасын іске асыру үшін құрылды.

Кәсіпорында Испаниялық өндірісінің «SOLINCER S.L» және «TALLERES FELIPE VERDÉS» фирмаларының технологиялық желісі орнатылған. Өндіріс процесінің барлық кезеңдері автоматтандырылған және компьютерлік техникамен бақыланады. «ENKI» ЖШС кірпіш зауыты Қазақстанның кірпіш өндірісінің флагманы болып табылады.

 Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

12 ақмолалық жаңа формациядағы көшбасшысы басшылардың республикалық кадрлық резервіне еңді

Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023 жылдан бастап президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img