spot_img
Сенбі, Қараша 28, 2026
-4.8 C
Kokshetau

Көкшетауда дәстүрлі патриоттық ән байқауы өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

«Достар» мәдениет сарайында «Тілім-тірегім, Елім-жүрегім!» атты дәстүрлі патриоттық әндер байқауы өтті. Аталмыш байқауға 16-30 жас аралығындағы дарынды жас орындаушылар қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты – патриоттық әндерді орындау арқылы Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық сезімін тәрбиелеу. Биыл финалға іріктеу кезеңінен сәтті өткен 15 орындаушы өтті.

Барлық қатысушылар мемлекеттік тілде әндер орындап, олардың  арасында орыс ұлтының үш қызы де қатысты. Кәсіби әртістерден құралған қазылар алқасы қатысушылардың вокалдық өнерін ғана емес, олардың әртістігін, хореографиясын, сондай-ақ эмоцияларды дауыс арқылы жеткізу қабілетін бағалады.

Көрермендер өздерінің сүйікті орындаушыларын белсенді түрде қолдап, қошемет көрсетіп отырды.  Байқау қатысушыларының  қобалжу сезімдері  басым болғаны сонша, тіпті толқуларын әрең  жеңіп отырды. Дегенмен, байқауға қатысушылардың көпшілігі вокалдық шеберлікті ғана емес, актерлік шеберлікті де, тамаша артикуляцияны да көрсете отырып, орындаудың жоғары деңгейін көрсетті.

Ақан сері жоғары мәдениет колледжінің студенті Алтынай Айтен жеңіске жетті. Барлық жүлдегерлер мен қатысушылар қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

AUYL ART FEST: ауыл балаларына үлкен сахнаға жол ашатын тегін вокалдық байқау

Ауылдағы дарынды баланың үлкен сахнаға шығу мүмкіндігі оның жанында музыка мектебінің болуына немесе отбасының облыс орталығындағы тыңдауға бара алуына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика