2024 жылғы 15 қарашада Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысында «Серпін» жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.
Отырысты Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, жобалық кеңсе басшысының орынбасары Ардақ Қайыржанұлы Қапышев жүргізіп, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасын белсендірудің негізгі мәселелері талқыланды.
Отырыс барысында Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының басшысы А.Алин өз сөзінде жұмыс тобының отырысына қатысушыларды «Серпін» жобалық кеңсесін іске асыру бойынша жобалық офис құру туралы және оның жұмысы туралы хабардар етті.
Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Е.Мұхамедин өз сөзінде жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті, сонымен қатар ол мәселені шешуге бағытталған жобаны одан әрі жүзеге асыру жоспарымен, Ақмола облысындағы кадр тапшылығы мәселесімен таныстырды.
Сонымен қатар, «Серпін» жобасының «Жол картасы» таныстырылды, онда жұмысшы мамандықтарды танымал ету, түлектердің жұмысқа орналасуына жағдай жасау және өңірдегі жұмыс берушілермен ынтымақтастық орнату шаралары қамтылды.
Ақмола облысында 2014 жылдан бері «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып келеді (1946 студент бітірді).
2023-2024 оқу жылында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде 217 түлек оқуын аяқтады (педагогикалық мамандықтар бойынша – 172 студент, техникалық мамандықтар бойынша – 41, ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша – 4), 1690 студент оқуын жалғастыруда.
Сонымен қатар, 2023 жылдан бері А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде аталмыш жоба аясында 72 студент білім алуда.
«Серпін» жобасы жас мамандарды даярлауда және олардың облыс экономикасына табысты интеграциялануында маңызды рөл атқарады.