spot_img
Сенбі, Сәуір 19, 2025
7.2 C
Kokshetau

Лудомания және құмар ойындардың алдын алу бойынша диалог алаңы өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ, Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде, Көкшетау қаласының студенттері, белсенділері, волонтерлеріне арналған лудомания және құмар ойындардың алдын алу мақсатында жастарға арнап диалог алаңын өткізді.

Шара барысында спикер ретінде «Алаяқ.нет» жобасының жетекшісі, заңгер – Орынбеков Нұрсұлтан Орыналыұлы және модератор болып, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ  басшысы – Ермеков Дастан Амангелдіұлы қатысты.

«Лудомания немесе ойынға тәуелділік, патологиялық бейімділік құмар ойындар, жеке адамның өмірінде үстемдік ететін және әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін құмар ойындардың көпшілігі жастар арасынан байқалады. Себебі жастардың көбісі жеңіл жолмен ақша табудың жолын іздейді. Бұл да қоғамның аса қауіпті дерті деуге болады.

Ойынға тәуелділіктің теріс салдары айқын. Құқық қолдану практикасын талдау көрсеткендей, лудоманияның әсері арқылы басқа азаматтардың құқықтары мен мүдделері де жанама түрде бұзылады. Қазіргі таңда өздеріңіздей жастармен түрлі форматта полиция қызметкерлерімен және басқа да құзырлы органдармен бірлесе кездесулер өткізіп отырамыз» – дейді өз сөзінде Нұрсұлтан Орынбеков.

Лудомания және құмар ойындардың алдын  алуға арналған іс-шарасына Көкшетау қаласының жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан жалпы 70-тен аса студент қатысты.

Шара барысында спикерге қатысушылар арасынан сұрақтар қойылып,  сапалы жауаптар берілді. Студенттердің көпшілігі қызығушылық танытып, тақырыпты одан әрі өрбітті.

Іс-шараның қорытындысы кезінде барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ШӘМШІ» ЭЛЕГИЯСЫ КӨКШЕТАУДА!

2025  жылы 1 мамыр күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика