spot_img
Жексенбі, Қазан 6, 2024
13.2 C
Kokshetau

Мемлекеттік тілдің деңгейі жоғары – Юлия Кузьменко

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында мемлекеттік тілге өзге ұлт өкілдері жоғары қызығушылық танытады. Солардың бірі – «Ботай Бурабай» мұражайының экскурсия жүргізушісі Юлия Кузьменко. Ол Қазақстан халқы тілдерінің күніне орай облыс әкімінің марапатына ие болды.

-Мен мемлекеттік тілді жақсы көремін, орыс мектебінде оқыдым, бірақ кейін өзім қазақ филологиясы факультетіне түсуге бел будым. Мен Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Мұражайда жұмыс істеймін, барлық экскурсияларды тек мемлекеттік тілде жүргіземін. Қазір құндылықтар өзгерді, көбісі тілді үйренеді, қызығушылық танытады және оны игергісі келеді. Мен үшін Қазақ тілі-ең әдемі және бай, ондағы көптеген синонимдер бар. Сөйлесуді бастағысы келетіндерге мен қоршаған ортаға назар аударуға кеңес беремін, егер қоршаған орта болса, онда бастаушы адам оңай үйренеді. Сонымен қатар, фильмдер көріп, қазақ музыкасын тыңдау, кітап оқу. Мен бала кезімде қазақ тілін жақсы көрдім, осы күнге дейін достарыммен, әріптестеріммен тек мемлекеттік тілде сөйлесемін. Жалпы, менің байқаым бойынша, өңірде мемлекеттік тілдің деңгейі артып келеді. Мен өз көзіммен тілді бағалайтын және құрметтейтін патриоттарды көргенде қатты қуананмын. Мемлекет бізді ұмытпайтыны және осындай маңызды күні шақырылып, марапатталғаны өте жақсы, – деп түйіндеді Юлия Кузьменко.

Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда өңірде тіл саясатын дамытуға бағытталған 2000-нан астам іс-шара өткізілген. Мекеме осы бағыттағы жоспарлы жұмыс жалғасатынына сендірді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президент ұсынған реформалар жергілікті басқарудың сапасын арттырады – Дастан Әкімов

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының II республикалық форумында сөз сөйледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде мәслихаттың мемлекеттік биліктің өте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img