spot_img
Жексенбі, Ақпан 16, 2025
-14.6 C
Kokshetau

Жастар энергиясы: Қор өңірдегі беделді университетпен ынтымақтастық орнатты

Сондай-ақ...оқыңыз

«Әділдік және Өркендеу» қоры мен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Басты міндет – жас ұрпақтың құқықтық сауатын арттыру, белсенді жастарды қолдау. Меморандум аясында Ақмола облысындағы беделді оқу орны саналатын университетте Қордың жастар қанаты құрылады.

Университетімізде көшбасшы болатын жастар жетерлік, тек олардың қабілетін ашуға қолдау білдіру керек. «Әділдік және Өркендеу» қоры осыған көмектеседі. Белсенді студенттермен кездесу өткіземіз. Университетте заңгер мамандығы бойынша білім алып жүрген жастар қорымыздың заңгерлерімен бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Тұрғындардың өтінішін қарастыру бойынша білікті заңгерлердің тәжірибесін үйренеді, — дейді қор белсендісі Бекнұр Амангелді.

Меморандум аясында «Әділдік және Өркендеу» қоры студенттер өндірістік тәжірибеден өтетін ұйымдардың тізіміне енгізілді. Қазіргі уақытта бұл жоғары оқу орнында 8 мыңға жуық студент білім алады.

Біздің тарап Қормен бірге жастарға арналған тренингтер өткізуге мүдделі. Нақты кейстерді көрсету арқылы студенттерге түрлі мәселені шешуге бірлесе қолдау көрсетеміз деген жоспар бар. Қор республика бойынша құқықтық сауатты арттыру, еңбеккерлердің құқығын қорғау жұмысын жүзеге асырады. Осы бастамаға біз де қосыламыз, — дейді Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің проректоры Ардақ Қапышев.

«Әділдік және Өркендеудің» Ақмола облысы бойынша өкілдігінің жетекшісі Бақыт Смағұлдың айтуынша, мұндай бастамалар жаңашыл тұлғаларды қалыптастыруға сеп болады.

Алдағы уақытта жастар қанаты аясында белсенді жастармен ынтымақтастық негізде жұмыс істеуге жол ашылып отыр. Жастар – ел болашағы. Қорға олардың күш-қуаты, энергиясы қажет, — дейді ол.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Altyn Qala!» – Ұлттық басылымның бірі!

Автор : Қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиев. 2 ақпан Ұлттық басылым күні аталып өтіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img