spot_img
Дүйсенбі, Қазан 7, 2024
11.6 C
Kokshetau

Орталық Азияның жері де ыстық, қаны да ыстық!..

Сондай-ақ...оқыңыз

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев:
ҚАУІПСІЗДІК АРХИТЕКТУРАСЫ КЕЛМЕСКЕ КЕТТІ.
( Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 77 сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзінен. 20 қыркүйек 2022 жыл.)
*******
Бүгінгі әлем қауіпті жар жағасында тұрғандай. Және де тығырыққа тіреліп қалғандай. Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс әлемдік соғыс отының тұтануына әкеліп соға ма деген қауіп пен қатер де бар.
Дүние қайра бір дүрбелеңге түсе ме, қайра бір бөліске түсе ме?!
Әйтеуір мұның қайсысы болса да, дүниенің кез-келген мемлекетіне оңайға соқпасы бар.
Қарулы қақтығысты қойып, қазіргі жағдайда дамыған мемлекеттердің экономикалық санкциясының өзі әлемдік экономиканың дамуында үлкен кедергі келтіріп отыр.
Осы экономикалық санкцияны Мылтықсыз майдан емес деп кім айта алар?!
Жанталас дүниенің екі өкпесі қысылып бара жатқандай. Кім тірі қалады, кім жан сақтап қала алады?
Қатерлі де қатыгез ғасыр аранын аша түскендей. Не істеу керек, қалай болу керек?
Міне осы бір ойлар мазалап жүргенінде республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде (8 тамыз 2024) Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» аты зерделі мақаласы басылды.
Әуелі «РЕНЕССАНС» деген сөздің түпкі мағынасына үңілдім. «Ренессанс» дегеніміз француздың, онан кейін гректің сөзіне ауысқанда қазақша «қайта туу, қайра жаңғыру» деген мағынаны білдіреді екен.
Енді түсінікті! Расында да дүрбелеңі көбейіп бара жатқан бүгінгі дүние дамуында Орталық Азия мемлекеттерінің де қарым-қатынастары жаңа көзқараспен, жаңа саясатпен жаңғырып, өзара сенім мен қауіпсіздік жағдайында қалыптасуы керек.
«Орталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір»,-деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ атап көрсетіп отырғанындай даму мақсаттарының ортақтастығы бар, бірегейлігі бар Орталық Азия мемлекеттері ендігі дүниенің даму бағыты мен саясатын анықтайтын күш пен әлеуеттке ие болады.
Ол үшін тек Орталық Азия мемлекеттері арасындағы өзара сенімді нығайта білу керек.
Біздің Президентіміздің көздеп отырған негізгі мақсаты да осы Орталық Азия мемлекеттерінің бір-біріне деген сенімі, бір-біріне деген шынайы достық қарым-қатынастары берік болса дегендік.
Қазақстанның қазіргі уақытта Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанмен одақ¬тастық қатынас орнатып, Түрікменстанмен стратегиялық әріптестікті дәйекті түрде кеңейте түсуде.
Тілі ұқсас, діні бір, халықтық салт ұстанымы ұқсас осы мемлекеттердегі халықтарымыздың өзара жақын болуға ұмтылысы да анық байқалып отыр.
«Өңірдегі мемлекеттер бір-бірінің тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын құрмет¬теу, келіспеушіліктер туындай қалса оны бейбіт жолмен шешу сияқты іргелі қағидаттарға негізделген ынты-мақтастықтың Орталық Азияға ғана тән бірегей үлгісін қалыптастырды», деп Қасым-Жомарт Тоқаев көңілге қонымды және Орталық Азия халықтарының ежелгі мүддесіне сай келетін қазіргі жағдайды атап көрсетіп отыр.
Не де болса, ежелден тарихи байланыс бар осы Орталық Азия мемлекеттерінің арасынан дау шықпауы керек! Бетін аулақ қылсын бірі-бірімен жауласпауы керек!
Осы Орталық Азия мемлекеттері түрлі арандатушылықққа, түрлі жауластырмақ ниеттерге жол бермеулері керек! Өйткені Орталық Азияның жері де ыстық, қаны да ыстық!..
Біздің Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың іргеміздегі Орталық Азия мемлекеттерінің өзара ынтымақтастығына ерекше тіпті айырықша мән беруінің түпкі сыры «Алдағы он жыл біздің аймақтың болашағын айқындайтын кезең болатыны айдан анық. Осы тарихи мүмкіндікті қаншалықты тиімді пайдалана алатынымыз тек өзімізге байланысты» деген бір ауыз салиқалы пікіріне келіп саяды.
«Жаһандық геосаяси ахуал аумалы-төкпелі болып тұрған қазіргі кезде біз өңірде өзара сенімге және ортақ әрі біртұтас қауіпсіздікке негіз¬дел¬ген кеңістік құрдық, өңірлік ықпалдастыққа бөгет кедергілерді жойдық, көп қырлы ынтымақтастығымызды жоғары сапалы деңгейге шығаратын тұғыр қалыптастырдық,-дей келіп Мемлекет басшысы «Орталық Азия ренессансы: орнықты даму және өркендеу жолы» атты өз мақаласында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Астанада, Ташкентте, Түрікменбашыда, Шолпан-Атада, Душанбеде бес консультативтік кез¬десуі болғандығын, нәтижесінде өңір¬лік ықпалдастық барынша те¬рең¬¬деп, кеңейе түскендігін атап көрсетіп отыр.
Және де өткен аптада, Астанада (9-10 тамыз 2024) Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуі де осы өңірлік ықпалдастықты артырыпғ,нығайта түсуге бағытталғаны анық.
«Қазіргі жаһансыздану жағдайын¬да Орталық Азия елдерінің өңірішілік ықпалдастығы оның ерекше өркениет ареалы ретінде өзін өзі сақтауы үшін де, біртұтас болмыс ретінде өңір¬ді тұрақтандыру үшін де аса өзекті. Елдеріміз бен халықтарымыз¬дың тари¬хы мен мәдениеті ортақ болған¬дық-тан, бес мемлекет бірін бірі толықтырып отырады. Бұл бізді біріктіретін басты күш болуға тиіс, -деген ҚасымЖомарт Тоқаевтың ұстанымы Орталық Азия мемлекеттерінің саясатының алтын арқауы бола білгені абзал.
Өйткені қазіргі жағдайға пайымдай қарасақ, Орталық Азияның айналасында күрделі әскери-саяси ахуал сақталып отырғаны да анық.
Дүниенің дүрбелеңге түсіп, халықаралық жағдайдың күйіп тұрған қазіргідей кезінде Қазақ елінің ішкі ахуалын дұрыс сақтау, елдің бірлігі мен ынтымағын нығайта түсу аса қажет!
.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы 20 қыркүйек күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының 77 сессиясының жалпы дебатында «ҚАУІПСІЗДІК АРХИТЕКТУРАСЫ КЕЛМЕСКЕ КЕТТІ» деген бір ауыз сөзі әрдайым жадымызда жүрсінші!
Елдің ішін даудан, сыртын жаудан сақтай білейік!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img