spot_img
Дүйсенбі, Қыркүйек 16, 2024
12.2 C
Kokshetau

Спорттық жеңістер – бизнестің өркендеуіне

Сондай-ақ...оқыңыз

Ауданымызда жемісті еңбек етіп жатқан «Логос-Грейн» холдингінің өндірістік бөлімшелерінің арасындағы жыл сайынғы дәстүрлі спартакиада биыл да жалғасын тауып, «Спорттағы жеңістер арқылы – бизнестің өркендеуіне» атты ұранмен өтті.

Өткен демалыс күндері ірі өндірістік холдинг қызметкерлері Капитоновка ауылында спорттық сайыстар бойынша жарысты. Биылғы спартакиада Капитоновка ауылының 125 жылдығына арналып, іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылғандығын атап өткіміз келеді.

Спорт мерекесін «Логос-Грейн» серіктестіктер тобының басшысы Арман Құдайбергенов ашып, жерлестерін ауылдың мерейтойымен құттықтады, елді мекен тұрғындарына амандық пен бақ-береке, спортшыларға сәттілік  тіледі. Бұл спорт мерекесіне еңбек және мемлекеттік қызмет ардагері, белсенді азаматтық ұстанымы бар, туған ауылының жанашыры, Капитоновка ауылдық округінің бұрынғы әкімі Қайырниса Баталова да қатысып, ауылдастарын мерейлі мерекемен құттықтап, ауылдың гүлденуіне елеулі үлес қосып жүрген өндірістік кәсіпорынға игі тілегін арнады.

Корпоративтік спартакиадаға холдингтің төрт командаға біріккен барлық өндірістік кәсіпорындары қатысты. Олар «Логос-Грейн», «Булка» элеваторлары, «Журавлевка-1» және «Жалтыр-Тас» командалары. Жарыс жеңіл атлетика, футбол, волейбол, үстел теннисі, арқан тарту, армрестлинг сияқты бірнеше спорт түрлері бойынша өтті.

Капитоновка ауылының және оған жақын маңдағы ауылдардан келген тұрғындар спортшыларды қолдап, мерекені қызыға тамашалады. Шараға аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрбек Сексенов, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Азамат Қабдолов және жақын маңдағы ауылдық округтердің әкімдері қатысты.

Шара барысында концерттік бағдарлама, арнайы жәрмеңкелер, балаларға арналған аниматорлар қойылымы ұсынылды. Спартакиада қонақтарына кәуаптар, тәттілер, балмұздақ және алкогольсіз сусындар ұсынылды. Бір сөзбен айтқанда, мереке сәтті өтті, өйткені, жыл сайын ауыл халқы бұл іс-шараны тағатсыздана күтеді, бұл нағыз ауыл мерекесі десек артық айтпағанымыз болар.

Сонымен, ойындардың қорытындысы бойынша бірінші орынды спорт алаңының иелері – «Журавлевка-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің командасы жеңіп алса, екінші орынды «Булка» командасы, үшінші орынды «Логос Грейн» командасы, ал төртінші орынды «Жалтыр-Тас» командасы иеленді. Спорттық ойындардың туы салтанатты түрде «Логос Грейн» командасына табыс етілді.

Спартакиада жеңімпаздары дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, «Үздік қақпашы», «Үздік теннисші», «Үздік шабуылшы» аталымдары және тағы да басқа жеке спорт түрлері бойынша сыйлықтар табыс етілді.

Айгүл АМАНЖОЛОВА.

Бұланды ауданы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Акушер – медбике Жанат Әділова денсаулық сақтауға 40 жыл өмірін арнады

СҚО Айыртау ауданы Сырымбет орта мектебінің медбикесі Жанат Әділова 1976 жылдан бастап өмірін медицинаға арнады. Акушер, медбике және өз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img