spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-9.8 C
Kokshetau

Достық пен татулықтың ордасы

Сондай-ақ...оқыңыз

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының киелі ордасына айналды. Оның төрінде түрлі ұлт өкілдерінің мәдени-шығармашылық өнерлері насихатталып, әр алуан тілдегі әндері қалықтайды. Бүгінгі таңда мұнда 9 этно-мәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар – татар-башқұрт өкілдерінің «Юлдаш», шешен-ингуштардың «Беркат», славяндардың «Орыс қауымдастығы», әзірбайжандардың «Хазар»,  немістердің «Сат    еллит», қырғыздардың «Манас», өзбектердің «Әмір – Темур» орталықтары мен поляктардың «Полония» бірлестігі және «Степпеньюгендс» неміс жастар клубы.

Мекеменің негізгі қызметтерінің бірі – қаладағы ұлттық орталықтармен бірлесіп, жұмыс істеп, түрлі концерттер, спектакльдер, шоу-бағдарламалар өткізу, түрлі бағыттағы іс-шараларды ұйымдастыру. Біздің ұлттық орталықтар қалалық қана емес, облыстық, республикалық байқауларға да белсене қатысады. Мәселен, «Орыс қауымдастығы» этно-мәдени бірлестігінде хор клубы құрылды. Олармен кәсіби музыкалық жетекшілер және «60+» денсаулық клубы жұмыс істейді.

«Достық және шығармашылық үйінің» этно-мәдени орталықтары былтыр облыстық «Достық дәмі» фестиваліне қатысты. Іс-шара қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын насихаттап, қазақ елі мен жеріне деген сүйіспеншілікті арттыру, қазақ тіліне деген сый-құрметті ұлғайту мақсатында ұйымдастырылған болатын. Онда облыс аумағында тұратын басқа этнос өкілдерінің де тарихы, дәстүрлері мен мәдениеті кеңінен насихатталып, ұлттар арасындағы өзара достық жастарға үлгі етілді.  Бұл фестивальге «Юлдаш» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі белсенді қатысып, тұрмыстық заттарын, татар тағамдарын, ұлттық киімдерін көрме ретінде ұсынып, ұлттық ойындарын, әндері мен билерін, ұлттық рәсімдерін көрсетіп, театрландырылған қойылымын ұсынды. Сонымен бірге, қаламыздың этномәдени бірлестіктері «Рождестволық кеш», «Менің Отаным – менің Қазақстаным» халықтық қолданбалы өнер көрмесін, «Аулак ой», «Исем кушу» театрландырылған қойылымдарын, Масленицаға арналған концерттік бағдарламасын, Алғыс күніне орай «Арайлы атамекенім», «Менің туым – менің Отаным!» патриоттық челлендждерін, «Ғарыштық қадам» скандинавиялық серуендеу фестивалін ұйымдастырып, өздері белсене қатысады.

Бүгінгі таңда этно-мәдени бірлестіктер қызметінің табысты бағыттарының бірі қайырымдылық пен еріктілікті дамыту болып табылады.  «Жақсылыққа асыққаның берекет» демекші, степногорлық этно-мәдени бірлестіктердің барлық мүшелері қалалық қайырымдылық акцияларына белсене қатысып, мұқтаж жандарға, көпбалалы отбасыларға қолдан келгенше көмегін көрсетіп отырады. Жыл сайын өткізілетін осындай қайырымдылық акцияларының бірі – «Тілек ағашы». Онда этнос өкілдері мүмкіндігі шектеулі балалардың «Тілек ағашына» ілген бір тілегін орындап, сұраған затын алып беріп, бала көңілінен шығады.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде де біздің бірлестіктер түрлі көрмелер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырып, қала тұрғындарына жақсы көңіл-күй сыйлайды. Халқымыздың бірлігі бекем, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Анар ҚОРЖЫНБАЕВА,

«Достық және шығармашылық үйі»

мекемесінің бөлім меңгерушісі.

Степногорск қаласы.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img