spot_img
Бейсенбі, Мамыр 30, 2024
5.6 C
Kokshetau

Ақмолалық диқандарға субсидия көбейтіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық мәслихатының оныншы кезектен тыс сессиясында 2024 жылғы бюджетке өзгерістер енгізілді. Сессия жұмысына облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова қатысты, бұл туралы толығырақ Ақмола облыстықмәслихатының баспасөз хатшысы Қарлыға Мұхатаева баяндайды.

Отырысты аша отырып, мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов өңірдегі күрделі су тасқыны жағдайына байланысты облыстың аудандары мен қалаларының әкімдері, аудандық және қалалық мәслихаттардың төрағалары, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттарының бір бөлігі сессияға бейнеконференцбайланыс режимінде қатысып отрығанын атап өтті.

Күн тәртібіне «Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 8С-7-2  «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»  сұрақ  шығарылды. Осы мәселе бойынша мәслихаттың тұрақты комиссиялары бірлескен отырысында және  сессияда қатысушыларды экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Алмагүл Шұғырмақова хабардар етті.

Бюджетті нақтылау, Шугурмакованың айтуынша, Президенттің жергілікті бюджеттерден көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 100 млрд теңге бөлу тапсырмасымен байланысты. Ақмола облысына қосымша 20 млрд теңге бөлу тапсырылды. Осы сессияда алғашқы 5 млрд теңгені бөлу ұсынылды.

Сондай-ақ,  Ақмола облысының әкімдігіне шағын және орта бизнес кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қосымша 815 млн теңге қаражат бөлу тапсырылды. Осылайша, облыс бюджеті 8,7 млрд теңгеге оңтайландырылды.

Су тасқынының зардаптары мен залалдарын жою бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Шугурмакованың айтуынша, алдын ала қажеттілік 5 млрд теңгені құрады. Шығыстардың бір бөлігі республикалық бюджетке мәлімделетін болады.

«Көкшетау қаласының зардап шеккен тұрғындары үшін пәтерлер сатып алуға хат жолданды, олардың үйлері бойынша тексеру жүргізілуде. Алайда инфрақұрылымды қалпына келтіру жергілікті бюджеттерге ауыртпалық түсіреді. Болашақта облыстық бюджет шығыстарын тағы бір оңтайландыру қажет болуы мүмкін. Барлық босатылған қаражат салдарды жоюға және осындай жағдайдың қайталануына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталатын болады», – деп ескертті А.Шұғырмақова.

Депутаттар егіс жұмыстары екі-үш аптадан кейін басталатынын және субсидиялауға бөлінген қаражаттың фермерлерге мүмкіндігінше тез жетуі маңызды екенін еске салды. Бюджетке қатысты шешімдер қабылдау бөлігінде жергілікті атқарушы органдар мен депутаттық корпустың ынтымақтастығының тиімділігін жақсарту бойынша бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтылды. Осы ұсыныстарды ескере отырып, бюджетке түзетулер туралы шешім қолдау тапты.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы туризмді дамыту мен балалардың жазғы демалысы талқыланды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен кезекті әкімдік отырысында өңірімізде туризмді дамыту және балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img