spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Ақмолалық еңбек сіңірген педагог оқу ағарту министрімен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Қазақстанның Еңбек ері» және «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атақтарын иеленген еліміздің құрметті педагогтерімен кездесті. Олардың ішінде Степногорск қаласындағы №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Үмітжан Енсебаева да бар.

Отандық білім беру жүйесінің қалыптасу тарихында еңбегі сіңген ұстаздардың қатарында ақмолалық педагог  Үмітжан Енсебаеваның да болғаны біздің өңір үшін қуанышты жағдай.

36 жылдық еңбек тәжірибесі бар педагог Үмітжан Солтанқызы зерттеушілік талантымен, әдістемелік шеберлігінің жоғары деңгейімен, шығармашылығымен, зейінділігі мен өз жұмысына жауапкершілікпен қарауымен ерекшеленеді.

–Оқу-ағарту министрінің «Қазақстанның  еңбек сіңірген ұстаздарын» жинап, кездесу өткізгені мен үшін өте қуанышты жағдай. Министр оқу- ағарту саласындағы атқарған және келешекте алға қойған  жоспарларымен бөлісті. Кездесу барысында мұғалімдер де өз ұсыныстарын айтып, өз ойларын ортаға салды. Министрдің өте қарапайым, әр ұстаздың айтқан пікірін жіті тыңдай білетіні және көрегендігі байқалды. Әр ұстазға сөз беріп, түйткілде жүрген мәселелерді барынша шешуге тырысатынын айтты. Осы кездесу барысында еліміздегі ғылым-техникалық және әлеуметтік мәдени жетістіктерінің қарыштап дамуы үшін жастардың біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру қажеттігі айтылды, –деп  атап өтті бізбен әңгімесінде Үмітжан Енсебаева.

Өз кезегінде министр ұстаздарға бала оқытудағы ерен еңбектері үшін алғыс білдіріп, олардың үздік тәжірибелері мен парасат-пайымдары өңірлерде таратылуы керектігін айтты.

«Ыбырай Алтынсарин: «Мұғалім болу – мансап емес, жоғарыдан берілген сый» деген еді. Мұғалімнің еңбегі ерен, өлшеусіз. Ал қазіргі педагог – ол көшбасшы, барлық әріптестері үшін үлгі болуы тиіс. «Қазақстанның Еңбек ері», «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған мұғалімдер кәсіби сарапшы ретінде мектепті басқару ісіне, тәрбие жұмыстарына қатысуы қажет», – деді Ғани Бейсембаев.

Оқу-ағарту министрі білім беру саласындағы кейінгі жылдардағы оң өзгерістерге тоқталды. Атап айтсақ, жалақы көлемін ұлғайту, жүктемені азайту, кәсіби біліктілікті арттыру, инфрақұрылымды жаңғырту және тағы да басқа бірқатар келелі мәселелерге жан-жақты тоқталды. Бүгінгі таңда еліміздегі 2 906 мектепте балалар бір ауысымда білім алуда.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы елімізде алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасын бекіткелі, 2021 жылдан бері 46 педагог осы марапатқа ие болса, үш педагог «Қазақстанның Еңбек ері» атағын иеленді.

Сонымен қатар, кездесу аясында ұстаздар бағдарлама бойынша Ақмола облысы Қосшы қаласындағы мектеп-гимназиясында экскурсиямен болды.

Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img