spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 22, 2024
13.7 C
Kokshetau

Валюталық шарттарды немесе шетелдік банктегі шоттарды есептік тіркеу

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақмола филиалы (бұдан әрі – ҚҰБ) 500 мың АҚШ долларынан астам капиталдың елден және елге қозғалысын көздейтін шарттар есептік тіркеуге жататынын кәсіпкерлер мен инвесторлардың есіне салады. Заңды тұлғалар да шетелдік банкте шот ашқаны туралы хабарлауға міндетті.

Сонымен, капитал қозғалысына – қаржылай қарыздар, инвестициялар, бағалы қағаздармен және туынды қаржы құралдарымен операциялар туралы, бағалы қағаздар нарығындағы агенттермен (мысалы, брокерлік компаниялармен) бірлескен қызмет, жылжымайтын мүлікті немесе зияткерлік меншік құқығын сатып алу туралы, сенімгерлік басқару, трасттар, валюталық құндылықтарды өтеусіз беру туралы шарттар жатады.

Есептік тіркеу валюталық шартқа есептік нөмір беру және одан кейінгі есептілікті ұсыну рәсімін білдіреді.

Есептік тіркеу үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына (жеке тұлғалар үшін – тұрақты тұратын жері бойынша, заңды тұлғалар үшін – орналасқан жері бойынша) жүгіну қажет.

Есептік тіркеуді алу үшін құжаттарды қағаз жүзінде немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен растай отырып https://nbportal.nationalbank.kz/ электронды адресі бойынша ҚҰБ порталында онлайн беруге болады.

Есептік тіркеуді алуға электрондық өтінімді Ұлттық Банктің https://nbportal.nationalbank.kz/ порталына беруге болады.

Есептік тіркеуді алу үшін валюталық шарт немесе шетелдік банктегі шот бойынша операциялар жүргізгенге дейін өтініш жасау қажет.

Капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа есептік нөмір беру үшін ұсынылатын құжаттар:

  • өтініш;
  • жеке куәлік / паспорт (жеке тұлғалар үшін);
  • капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың көшірмесі және ол бойынша орындалатын міндеттемелерге қатысты валюталық шартқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар. Көрсетілген құжаттар заңды тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің қолымен куәландырылған және тігілген болуы шарт;
  • егер шарт шет тілінде жасалса – қазақ немесе орыс тілдеріне аударма.

Шетелдік банктегі шотқа есептік нөмір алу үшін заңды резидент-тұлға өтінішті және шоттың деректемелері көрсетілген шетелдік банктің шот ашылғаны туралы құжаттың көшірмесін ұсынады. Егер құжат шет тілінде жасалса, онда оның қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасы ұсынылады.

Құжаттарды электрондық тәсілмен тапсырған кезде валюталық шарттың электрондық көшірмесі ұсынылады.

ҚҰБ аумақтық филиалы капитал қозғалысы бойынша валюталық шартты немесе шетелдік банктегі шотты есептік тіркеуге алуды резидент қажетті құжаттарды толық көлемде ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Есептік нөмір, оны беру күні капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттың бірінші парағында (түпнұсқада немесе көшірмеде) немесе ҚҰБ аумақтық филиалының уәкілетті қызметкерінің қолымен және мөрімен куәландыра отырып, шетелдік банкте шот ашылғаны туралы құжатта көрсетіледі.

500 мың АҚШ долларынан аз сомаға жасалған валюталық шарттар есептік тіркеуге жатпайды. Сонымен қатар валюта заңнамамен есептік тіркеу үшін кейбір ерекшеліктер көзделген. Капитал қозғалысы бойынша валюталық шартқа есептік нөмір алудың қажеттілігін нақтылау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына жүгіну қажет.

Есептік тіркеуге өтініш беру мерзімін сақтамай, есептік нөмірі бар шарттар бойынша есептілікті ұсыну мерзімін бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 244-бабында жауапкершілік көзделген.

Есептік тіркеуге жататын капитал қозғалысы бойынша валюталық шарттарға сәйкес уәкілетті банктердегі банктік шоттар арқылы төлемдер және (немесе) ақша аударымдары есептік нөмір болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Қазақстандық жеке және заңды тұлғалар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 (оныншы) күніне (қоса алғанда) дейін капитал қозғалысы немесе шетелдік банктегі шот бойынша валюталық шарт үшін есептік нөмір алған жер туралы Ұлттық Банктің аумақтық филиалына есеп ұсынады.

Есеп формаларымен Ұлттық Банк сайтының «Статистика» бөлімінде танысуға болады. Есептер қағаз жүзінде не https://digital.nationalbank.kz электронды адрес бойынша Ұлттық Банктің веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынылады.

Егер есептілік портал арқылы электрондық түрде берілсе, оны қағаз жүзінде берудің қажеті жоқ.

Валюталық шарттар мен шетелдік инвестиция мәселесі бойынша ҚҰБ Ақмола филиалының мамандарына хабарласуға болады:

8-7162-55-18-00, ішкі 2281, 2283, 2284

kokch_20@nationalbank.kz,

azamat.s@nationalbank.kz,

Tolkyn.Ramazankyzy@nationalbank.kz,

ҚҰБ Ақмола филиалының ақпараты бойынша

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ӘКІМ ОРАЗАҚ АУЫЛЫНЫҢ CУ БӨГЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫН ӨЗІ БАРЫП КӨРДІ

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Бүгін (21 сәуір 2024 жыл) Ақмола облысының әкімі...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img