spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Қылшақты өзеніне түсіп кеткен баланы құтқарған ер адам медальмен марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев баланы құтқарған Марат Зиядинді «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады, – дейді аталмыш департаменттің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 5 ақпанында Марат Зиядин Қылшақты өзенінде суға кетіп қала жаздаған баланы құтқарып, ерлік көрсеткен еді. Ол мұз астына түсіп кеткен баланы байқап қалып, дереу оған жүгіріп жетіп, мұз бетіне шығарып алған. Балаға өзінің сыртқы киімін кигізіп, үйіне дейін жеткізген.

–Мұндай әрекеттер назардан тыс қалмауы керек. Ел өз батырларын білуі тиіс. Мен қаламыздың батырын марапаттау мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын, – деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Қанат Доспаев.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img