spot_img
Сейсенбі, Қазан 21, 2025
-2.8 C
Kokshetau

Жаңа туған сәбиге құтқарушының есімі берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ерейментауда жаңа туған сәбиге ата-анасы ауданның төтенше жағдайлар бөлімі бастығының есімін қойды.

Еске сала кетсек, 10 қаңтарда Ерейментау ауданы ТЖБ бастығы Амангелді Доскенов қақаған қатты аязға қарамастан, боранды күні жолға шыққан бір отбасының отанасы мен ұлын тауып алып, құтқарған болатын. Ол кезде әйел жүктіліктің соңғы апталарында жүрген екен.

22 қаңтарда Амангелді Доскеновке ол құтқарған отбасының жақындары қоңырау шалып, нәрестелерін перзентханадан шығарып алу рәсіміне шақырған.

Отбасы мүшелері қуаныштарымен бөлісіп келген құтқарушыға ризашылықтарын білдіріп, оның құрметіне балаға Амангелді деген есім берілгенін айтады.

Дүниеге аман-сау келген нәресте отбасындағы жетінші бала. Сәбидің ата-анасы айтқандай, «жеті» саны қазақтар үшін ерекше әрі  қасиетті сан.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Денсаулық сақтау саласын цифрландыру: мемлекеттік қызметтердің көптеген түрі автоматтандырылды

Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмысы жалғасып жатыр. Барлық медициналық ұйымда емделушілерді цифрлық сәйкестендіру жүйесі – «Цифрлық құжат»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика