spot_img
Сәрсенбі, Қазан 16, 2024
-5.4 C
Kokshetau

Қорғалжындықтарды ауыз сумен қамту мәселесі облыс әкімінің бақылауында

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қорғалжын ауданына жұмыс сапарымен барып, ондағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады.

Өңір басшысының жұмыс сапары «Астана Агропродукт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік аймағын аралаудан басталды.

«Бақара» ет комбинаты 2010 жылы іске қосылды, кәсіпорын ет өнімдерін өңдейді. Ет комбинатының өнімдері вакуумды қаптамада, тартылған ет және шұжық өнімдері Астана қаласы мен облыстың сауда нүктелерінде сатылады. Иран Республикасына экспортталады. Биыл олар өндіріс қуатын арттыруды жоспарлап отыр.

Сапар аудандық аурухананы аралаумен жалғасты. Мекеме заманауи медициналық құрал-жабдықтармен және оргтехникамен жабдықталған. Мұнда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков аудандағы медицина саласының дамуы бойынша баяндады. Бас дәрігер Жарылқасын Төрехановтың айтуынша, емханасы бар аудандық ауруханаға Сабынды ауылындағы дәрігерлік амбулатория, Арықты ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт және елді мекендердегі тағы 10 медициналық пункт қарайды. Аудандық ауруханада 36 төсек орындық стационар және 20 күндізгі төсек орын бар. Емхана – ауысымына 60 адамды қабылдай алады.

Аймақ басшысы аудан орталығында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Жалпы ауданы 2 мың шаршы метрді құрайтын спорт кешенінде фитнес-орталық, шағын футбол және воркаут алаңдары болады деп жсопарланған. Бүгінгі таңда құрылыс алаңында қызу дайындық жүріп жатыр, құрылыс маңына қоршаулар орнатылып, басқа да қажетті жұмыстар атқарылған.

Сапар соңында Марат Ахметжанов аудан халқымен кездесіп, олардың толғандырған мәселелерін тыңдады.

–Облыста әлеуметтік-экономикалық даму және халықтың тұрмысын жақсарту үшін қажетті мүмкіндіктердің барлығы бар. тұрғындарды АуызСумен қамтамасыз ету жағдайы ерекше бақылауымда. Аудан әкіміне ауыл шаруашылығын дамыту, инвестиция тарту мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырамын, – деді облыс әкімі.

Жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі аудан басшылығына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Кәсіпті қалай ұйымдастыру қажеттігін ауыл адамдарына ауылды жерлерге барып түсіндіру қажет

АВТОР : Жабал ЕРҒАЛИЕВ. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сенаторлар кеңесінің мүшесі. Кеше (14 қазан 2024 жыл) Ақмола облысының әкімі Марат АХМЕТЖАНОВТЫҢ Целиноград ауданы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img