spot_img
Жұма, Шілде 4, 2025
26.2 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері психиатриялық аурухананың хабар-ошарсыз кеткен науқасын тапты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ер адам төрт күн бойы іздеуде болды. Құрамында Руслан Байжанов пен Нұрсұлтан Бажиров болған «Тұлпар – 506» патрульдік полиция экипажы «Көкшетау – Омбы» тас жолының бойында жалғыз жүрген ер адамды тауып алған.

14 желтоқсанда Зеренді ауданының полиция бөліміне  Алексеевка кентінде орналасқан психиатриялық ауруханасының емделушісі К.В. Беспалыйдың өз бетінше кетіп қалғаны туралы өтініш келіп түсті. Дәрігерлердің айтуынша, ер адам медициналық мекеменің аумағынан өз еркімен кетіп қалған.

Жоғалған адамның денсаулығы мен ауа-райының қиын жағдайларын ескере отырып, өтініш түскеннен кейін бірден ер адамды іздеу іс-шаралары ұйымдастырылды. Бастапқыда Алексеевка ауылының аумағы және жақын маңдағы елді мекендер тексерілді, автожол бойындағы орман екпелеріне ерекше назар аударылды, қараусыз қалған үйлер мен ғимараттар тексерілді. Іздестіру іс-шараларын жүргізуге сондай-ақ 5510 әскери бөлімінің тәуліктік жасақтары, Көкшетау қаласының 2-МӨСБ 15 қызметкері, қызметтік иттері бар кинологтар, медициналық мекеме қызметкерлері қатысты, ал аумақты барынша қамту үшін дрон қолданылды.

Сондай – ақ, полицейлер бұрын жоғалып кеткен адамның ата-анасымен бірге Жақсы ауданының аумағында тұрғанын және құқық қорғау органдарының нұсқауы бойынша ол жаққа бара алатынын анықтады. Жақсы ауданындағы полиция қызметкерлері де өз аумағында осындай іздеу іс-шараларын өткізді.

Іздеу төрт тәулік бойы жүргізілді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлерін ер адамның далада аязға шалынып, жалғыз қатып қалуы мүмкін деген ой қатты алаңдатты, сондықтан іздеу шараларын сәтті аяқтау үшін барлық ресурстар  пайдаланылды.

18 желтоқсанда сағат 22.00 шамасында патрульдік полиция батальонының экипажы жоғалған  К.В. Беспалыйды республикалық тас жол жиегінде жалғыз кетіп бара жатқан жерінен тапты. Бағдарлау бойынша ер адамның белгілерін салыстырып, одан сұхбат алу барысында полиция қызметкерлері іздеуде жүрен ер адамды тапқандарын түсінген.

Кейіннен тәртіп сақшыларының сүйемелдеуімен ол медициналық мекемеге жеткізілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Әскери рәміздердің жауынргерлік рухты арттырудағы рөлі

Әскери нышандарда терең патриоттық, рухани-адамгершілік мән-мағына жатыр. Оларға әскер түрлерінің жалаулары, әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары және Қарулы күштердің нышаны...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика