spot_img
Сенбі, Тамыз 9, 2025
17.2 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері курорттық Щучинск қаласында демалыс үйлерін салудағы ірі алаяқтықты тергеуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ағымдағы жылғы желтоқсан айының басында Бурабай ауданының полиция бөліміне елорда тұрғыны алаяқтық  туралы арызымен жүгінді. Өтініш берушінің айтуынша, ағымдағы жылдың қыркүйегінде ол құрылыспен айналысатын ЖК иесімен шарт жасасқан, алайда соңғысы шарт талаптарын орындамаған.

Тапсырыс беруші тергеушімен әңгімелесу барысында шартқа сәйкес Щучинск қаласының тұрғыны оған моншалары мен шаруашылық ғимараттары бар А-фрейм стилінде 2 үй салып бермек болғаны белгілі болды. Алайда, үй салып беруге уәделескен орындаушы алдын ала ақша алып, із-түзсіз жоғалып кеткен. Залал сомасы 13 930 000 теңгеге бағаланды.

Осы факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Заттай дәлел ретінде шарт, сондай-ақ басқа да растайтын құжаттар тәркіленді.

Алғашқы жедел және тергеу іс-қимылдары аясында полицейлер міндеттемені орындамаған 35 жастағы ЖК иесінің орналасқан жерін анықтады.

Аталған алдау тәсілі бойынша алданған басқа да азаматтардың бар екені анықталуда. Қазіргі уақытта оның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен 9 жәбірленуші белгілі болды, залал сомасы анықталуда.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫ ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – тәулік бойы тынымсыз еңбек пен жедел әрекетті талап ететін күрделі сала. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика