spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

АШМ ҚР агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын өзектендірді

Сондай-ақ...оқыңыз
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын орындау аясында Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын өзектендірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Біріншіден, құжатта бастапқы өндірістен анағұрлым жоғары қайта өңдеу өнімдерін шығаруға кезең-кезеңмен көшу және үш жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңделген өнім үлесінің 70%-ға дейін ұлғайғаюы туралы хабарланды. Сондай-ақ Тұжырымдамада:

  • қайта өңдеуді ынталандыру үшін салық саясатын қайта қарау;
  • отандық агрофирмаларды ірілендіруді ынталандыру, сондай-ақ өзара тиімді жағдайларда трансұлттық корпорацияларды белсенді тарту;
  • ет, сүт және астықты терең өңдеу бойынша басым және перспективалық бағыттарды айқындау, өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту;
  • құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын және етті мал шаруашылығы кәсіпорындарын және суару жөніндегі жобаларды салуға Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату арқылы ірі тауарлы сүт фермаларын салуды жалғастыру;
  • отандық техника өндірушілер мен фермерлердің мүдделерін ескере отырып, ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын жылына 8-10%-ға дейін жеткізу;
  • отандық тауарларды шетелдік нарықтарда ілгерілету үшін шаралар қабылдай отырып, экспорт географиясын жоспарлы түрде кеңейту;
  • егістіктерді әртараптандыруды, рентабельді дақылдардың ауданын ұлғайтуды, су сыйымдылығы мен мономәдени егістерді қысқартуды қамтамасыз ету;
  • фермерлерді отандық тұқымдармен қамтамасыз ету, жаңа өнімді сорттарды шығару және өсіру.

Екіншіден, Тұжырымдама «Ауыл аманаты» бағдарламасын одан әрі іске асыру шеңберінде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперациялауды ынталандыруға бағытталған.

Үшіншіден, құжатта аграрлық ғылымды дамыту шараларын қабылдау туралы баяндалған, оның ішінде:

  • танымал шетелдік аграрлық ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату;
  • жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдау және білім беру бағдарламаларын аграрлық сектордың қажеттіліктеріне бейімдеу;
  • ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын интеграцияланған агротехнологиялық хабқа айналдыру.

Төртіншіден, жаңартылған тұжырымдама «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жаңартылған стратегиясын іске асыруды қамтамасыз етуді өзектендірді.

Бұдан бөлек, стратегия ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және сатудың толыққанды желісін құрғанда жекеменшік нарықты қолдау жөніндегі мандатты, сондай-ақ бағаның өсуін тежеу үшін интервенцияны жүзеге асыруды көздейді.

Тұжырымдамадағы басқа өзгерістермен сілтеме арқылы таныса аласыздар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img