spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Жастар керуені» жобасы аясында ақмолалықтар Семей қаласына неге барды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жобаның мақсаты мен міндеттері – қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының басымдықтарын іске асыру, жастардың бойында отансүйгіштік сезімдерін дамыту, өңірлердегі жастар мен жасөспірімдерді Республиканың киелі, туристік потенциалы зор жерлерімен таныстыру болып табылады.

Жобаның қатысушылары Ақмола облысының жастар ұйымдарының көшбасшылары, белсенділері мен волонтерлерден және жастармен тікелей жұмыс атқаратын мекеме қызметкерлері. Шараны Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы қолдап, ұйымдастырды.

«Семей шаһары — ол өте шағын әрі аз қоныстанған елді мекен, басқан топырағы, кең даласы тарихтың тереңдігінде жатыр. Еліміздің Тәуелсіздік жылдарында бұл өңірде сакралды аймақтар жақсы дамыған. Экспедиция барысында «Алаш арыстары – М.Әуезов» мұражайы, Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйі, Шәкәрімнің мұражай-үйі, М.Әуезовтің Бөрілідегі мұражай-үйі, әйгілі «Неврозовтар отбасы» мұражайын араладық. Ұлы Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды қазақтың ақын-жазушыларының туған өлкелерінде Алаштың тарихы сіңген жерлерді, сонау Шыңғысханды хан сайлаған Шыңғыстауды, әрқайсымыз оқып көңілге ерік беріп оқыған Еңлік пен Кебектің кешкен мейірімсіз махаббатарының орнаған жерлерін мекендедік. Жергілікті облыстық, қалалық және аудандық Жастар ресурстық орталығының басшылары мен мамандары өңірді аралауға өз көмектерін тигізді. Абай облысының өнірлік-мекені өзінің тарихи-сакралды ескерткіштерімен, мәдени келбетімен ерекшелене отырып, бұл мекенге келушілерді таңқалдырды» — дейді жоба қатысушысы Дидар Хамзин.

Семей «Қазақстанның тарихи орталығы» деген ерекше мәртебеге ие. Қазақстанда қала мәдени астанасы болып саналады, өйткені оның көптеген тұрғындары қазақ мәдениеті мен шығармашылығының негізін салушылар.

Бұл рухани сапар қатысушыларға не берді? Өздерінің ғылым саласындағы азаматтық парыздарымның бірін орындағандай сезінді және үлкен серпіліске толы, үрдіс болды. Еліміздегі тарихы терең осындай әсем және тарихқа толы мекенді аралап, ұлы ақын жазушыларымыздың туып-өскен үйлерінде, олардың жеке қолданған заттарын көріп, сан-алуан эмоция алған болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img