spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

153 мың қазақстандық оқушы жөндеуден өткен мектептерде білім алуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл елімізде 260 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оқу жылының басынан бері 153 мың қазақстандық оқушы жөндеуден өткен 207 мектепте білім ала бастады. Бұл мектептерде шатырлар ауыстырылды, ғимараттардың қасбеттері, терезелері жаңартылды, ішкі инженерлік желілері (су құбыры, кәріз, жылу, электр желілері), дәретхана бөлмелері жөнделді. Сейсмикалық құбылыстары жоғары аймақтарда сейсмикалық күшейту жұмыстары және т.б. жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Жөндеуден өткен ғимараттардың ішінде салынғанына 50 жылдан асқан мектептер де бар. Олардың көбі Алматы облысында орналасқан.

Бұған дейін министрлік оқу-тәрбие процесінің бұзылуына жол бермеу және оны қауіпсіз ұйымдастыру мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептерге бірнеше рет бақылау жүргізді. Бүгінде жөндеу жұмыстарынан бөлек Қазақстандағы шағын қалалар мен ауылдардағы 1000 мектеп жаңартылуда. Атап айтсақ, күрделі жөндеу жұмыстары, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханаларды, асханалар мен қауіпсіздік жағдайларын жақсарту атқарылуда. Бүгінгі таңда 941 ауыл мектебінде жаңғырту жұмыстары аяқталды. Оған қоса, биыл 1000 заманауи пәндік кабинеттерін (робототехника, химия, биология немесе физика) ашу жоспарлануда. 974 мектепте заманауи кабинеттер орнатылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img