spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Супермен», «Андерграунд» пен «Револьвер» фильмдерінің продюсері Comic Con Astana-ға келеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Комикс, кино, бейнеойын мен аниме секілді заманауи бұқара мәдениет салаларына арналған Comic Con Astana фестивалі биыл Астанаға оралып, қыркүйектің 15 мен 17 аралығында өтейін деп жатыр.

«Астана Даму Орталығының» қолдауымен өтетін бұл шара елорданың ресми іскерлік іс-шараларды өткізудің негізгі орны ғана емес, сонымен қатар мәдени-көпшілік үшін жаңа тартымдылық орталығы ретіндегі жаңартылған мәртебесін нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам әрі ел жастары үшін өзекті және қызықты оқиға.

Биылғы ірі мәдени шараны ұйымдастырушылар ресми қонағын қарсы алғалы жатыр. Қонақтың бірі — Франция кинопродюсері Пьер Спенглер. Ол Кристофер Рив қатысқан Супермен фильмдерінің үшеуінде де продюсер болған.

Пьер Спенглер 1964 жылы кино саласында жұмыс істей бастаған. Ол 1986 жылы дербес продюсер болды.

Спенглор «Суперменнен» бөлек «Үш ноян» фильм қатары, (Гай Ричи түсірген, Джейсон Стэтхем рөл ойнаған) «Револьвер» қылмыс драмасы мен (Луи Летерье түсірген, Джет Ли мен Морган Фримен рөл ойнаған) «Дэнни деген ит» экшн-триллері сияқты жобаға да қатысып белгілі болған.

Алехандро Ходоровски түсірген «Кемпірқосақты ұрлаған» фильмі мен Канн кинофестивалінде Алтын пальма бұтағы жүлдесіне лайық болған Эмир Кустурица түсірген атақты «Андерграунд» фильмін жасауға да Пьер Спенглер зор үлес қосқан.

Спенглер 1984 жылғы «Супергёрл» фильмін жасауда кеңесші болған.

Comic Con Astana фестиваліне шақырылған қонақ тізімі:

  • Taryn – Италиядан шыққан әйгілі косплейші, әртіс, кәстөм жасаушы, әрі модель
  • Angie Arrow – League of Legends ойынына арнаған косплейінің арқасында дүние жүзіне аты жайылған косплейші
  • Антон Киреев – YouTube-тегі IGM арнасын жасап жүргізген кәсіби диктор
  • Артем Харченко – YouTube-тегі киноға арналған Cut The Crap арнасын жасаған
  • JGeek пен Юлия Боярова – YouTube-те әсерлі мазмұн жасайтын ерлі-зайып бейнеблогер
  • Geheichou – Испаниядан шыққан косплейші, аниме кейіпкерлері мен Genshin Impact ойындарына арнаған косплейінің арқасында әлеумет желіде танымал болып кеткен
  • Ayuru – Riot Games, Blizzard, Bernina және Bandai сияқты брендтерді ұсынған испандық косплейер, суретші және фотограф
  • Narga (Наталья Кочеткова) – тәжірибелі кәсіби косплейші, Blizzcon-да жеңімпаз болған
  • EdisonPts – бейнеблогер, әрі стример (арналары: «EdisonPts», «Эдисон Перец»)
  • Евгений Попадинец – YouTube-тегі «Utopia Show» арнасын жүргізуші
  • Илья Коммандер – YouTube-тегі «Штаб Коммандера» мен «Restart» сияқты көптеген арнаны жасаған
  • Aigera Dunamis – Қазақстан косплейші қауымы мен киберспорт саласын он жыл бойы дамытып келген тұлға
  • Әнуар Тілеген – Ақтобеден шыққан блогер/сарапшы, YouTube-тегі ANOIR арнасында киноны талдайды
  • Тони Карк – Ташкенттен шыққан әйгілі блогер, киноқұмар, шара ұйымдастырушы, әрі Bloggers Award’22-де жеңімпаз
  • Domer Grief (Сергей Камышников) – YouTube блогері, кәсіби Minecraft ойыншысы, өзінің «Грифер Шоуымен» танымал (бейнеге PvP соқтығыстарын жазады)
  • Анастасия Queen – модель, блогшы, әртіс. Ол Марго Роббиден айнымағанын New York Post, News Week London, Entertainment секілді әлем баспалары айтқан. Оның TikTok бейініне 7 миллион адам жазылып алған
  • Хомяк (Алина Ким) – дүние жүзіндегі 24-інші ең танымал TikTok-шы
  • Диас (Sixty Rich) – BIP House өкілі, блогшы, әрі әнші
  • Радион Кан – YoloHouse өкілі, блогшы, Марго Робби өнерін қастерлеуші, K-Pop сүюші

Фестивалде өтетін косплей сайысқа қатысушылар сүйген туындысына құштарлығын білдіріп, ₸10,000,000 жүлде қорды бөлісіп ала алады.

Биылғы жаңалық — аниме мен манга, J-Pop пен K-Pop тәрізді Азия бұқара мәдениетіне арналған Pop Asia деген арнайы жәрмеңке алаңы.

Айта кету керек, TikTok сервисі фестивальге Comic Con Astana ресми серіктесі ретінде қосылды. Тик-ток хаустары, мобилографтар және продюсерлер (оның ішінде атақты Jokeasses қатысады деп күтілуде) іс-шара алаңында арнайы құрылған контент-аймақтың жұмысына қатыса алады.

«Меломан» компаниясы – Қазақстандағы және ТМД елдеріндегі Disney студиясының ресми дистрибьюторы – Астанаға фирмалық стендтер әкеліп, алдағы премьераларын ұсынады: («Алаяқ бір: Жұлдыз соғыс оқиғасы» фильмінің режіссері жасаған, 28 қыркүйекте шыққалы жатқан) «Жаратушы» мен (9 қарашада шыққалы жатқан) «Капитан Марвел 2».

Сонымен қатар, фестивальдің ресми серіктесі Яндекс Плюс және онлайн кинотеатр Кинопоиск болып табылады. Кинопоиск өкілдері Плюс оқырмандары үшін фильмдер, сериалдар, офлайн және онлайн оқиғаларды шығарумен айналысатын Плюс студиясы – Яндекс продюсерлік орталығымен бірлесіп жасалған өршіл жобалар сериясы туралы әңгімелейді.

Өз кезегінде, BUBBLE фестиваль аудиториясына «Майор Найзағай: Ойын» фильмі туралы эксклюзивті жаңалықтар мен ақпараттарды ұсынады.

Сондай-ақ, конвентте техно-гиктерге арналған интерактивті алаң құруды жоспарлануда, оның шеңберінде ойын өндірушілерінен түрлі мазмұн ұсынылатын болады.

Comic Con Astana-ның басты сахнасында Red Bull M.E.O. мобильді ойын  бойынша дүниежүзілік киберспорт турнирінің 5 маусым финалының көрсетілімі ұйымдастырылады, оның бірі Mobile Legends: Bang Bang – Қазақстанда өте танымал MOBA жанрындағы бейне ойын.

Фестивальдің барлық қонақтары үшін фуд-корттың жұмысы ұйымдастырылады, ал ең кішкентай келушілер үшін балалар аймағы жұмыс істейді.

Билеттерді жобаның ресми сайтынан – www.comicconastana.kz, сондай-ақ ticketon.kz, sxodim.kz, iticket.kz және Яндекс Афиша қызметтерінің көмегімен сатып алуға болады.

Іс-шара Сауран көшесі, 44 Конгресс-орталылығында өтеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img