spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Егіндікөл ауданының ауыз су мәселесі мәжіліс депутаты назарында

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская жұмыс сапарымен Ақмола облысында жүр. Бүгін ол Егіндікөл ауылында болды. Алты айдан бері ауыл тұрғындарының басты проблемасына айналған ауыз су тапшылығы туралы аудандық мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының депутаттарымен, аудан басшыларымен кездесіп жұмыс жопарын талқылады.

Қорғалжын ауданының аумағы арқылы өтетін су құбырының жиі бұзылуына байланысты 3 сәуірден бастап Қоржынкөл және Бауман ауылдарына ауыз су толық бармайды. Ал, биыл 2 маусымда Егіндікөл ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған болатын.

Нұра топтық су құбыры 14 564 тұрғыны бар 24 елдімекенді сумен қамтамасыз етеді. «Су құбырының 90%-ы тозығы жеткен. Тіпті, басқа да жерлерде су жиі тоқтап қалады. Жыл басынан бері су құбырында 79 апат тіркеліп, ал жекелеген учаскелерде су шығыны 70-80%-ға жетті. Елдімекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету үшін магистральдық желілердің зақымдалған учаскелерін толық ауыстырып, магистральдық су құбырын жаңалау қажет»,- деп баяндады Егіндікөл ауданы әкімінің Ерлан Мұхамедин.

Юлия Кучинская су шығару үшін қазылған құдықтарды көріп шықты. Тұщы су шығару мақсатымен қазылған құдықтардан әлі де болса таза су болмай тұр.  Бүгінгі күні Егіндікөл ауданы әкімдігі халыққа, оның ішінде әлеуметтік нысандарға, су бағаналары жоқ екі қабатты құрылыстарға су жеткізіп беріп жатыр. «Бұл мәселе Парламент Мәжілісінің және партияның  назарында. Сондықтан алдағы депутаттық жұмысымда бұл маңызды мәселені көтеріп, шешу жолын қарастыратын боламыз»,- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Юлия Кучинская.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img