spot_img
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
13.2 C
Kokshetau

Бурабай демалыс аумағында сусын мен тамақ сатуға тыйым салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай демалыс аймағында тазалықты сақтау үшін сусын мен тағам өнімдерін сатуға тыйым салынды. Бұл туралы Ұлттық саябақ басшылығы мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Ұлттық парк өкілдерінің айтуынша, демалыс орнында тазалықты сақтамайтын демалушылардың барлығын бірдей жазалау мүмкін емес. Оның үстіне Бурабайға демалысқа келетіндердің көбі  көлді қоқысқа толтырып, табиғатқа зиянын тигізеді екен. Мәселен, биыл қыста Бурабай көлдерінен үш тоннадай қоқыс жиналған. Өткен жылы сауда дүңгіршектері қойылмаған жерлер әлдеқайда таза болыпты. Сондықтан Бурабай ұлттық паркінің барлық аумағында енді сауда орындары болмайды. Демалушылар ішіп-жейтін тамақтарын өздерімен бірге алулары керек.

“Демалыс аймағы тек велосипедті жалға беруге, боди-арт үшін және кәдесыйлар сатылымына беріледі. Мұндай шешім Ұлттық парк аумағына санитарлық жүктемені азайту мақсатында қабылданды. Оған қоса, Бурабай тұрғындарының талап-тілектерін ескердік” , – деп мәлімдеді «Бурабай» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» директорының орынбасары Бауыржан Махметов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола  облысында тұратын, күндізгі оқу  түрінде  ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика