spot_img
Бейсенбі, Сәуір 10, 2025
16.5 C
Kokshetau

Қазақстанда жаңа оқу жылынан бастап мектеп бағдарламасына өзгеріс енеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда биыл 1-ші қыркүйектен бастап кей сыныптардағы оқу бағдарламасына өзгеріс енеді. Жоба қоғамдық талқылауға ұсынылған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мектеп бағдарламасындағы өзгеріс “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Бұйрық жобасының мақсаты – білім беру мазмұнын түзету болып табылады. Осылайша ашық талқылауға шығарылған құжатта 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2-сыныпта «Көркем еңбек» пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері енгізілгені, «Шет тілі» пәні алынып тасталатыны жазылған. Сонымен қатар төмендетілген оқу жүктемесімен 10-11 сыныптардағы үлгілік оқу жоспарларының  вариативтік компонентіндегі 1 сағат «Шет тілі» пәніне берілмек.

“Қазақстандық білім беруді ағымдағы жаңғыртудың түйінді бағыттары – оқушыға түсетін оқу жүктемесін азайту, STEM білім беру тәсілдері, тәрбиелік компонент негізінде жаратылыстану-математикалық пәндерді оқытуды күшейту, білім алушыларды ерте әлеуметтендіру және кәсіптік бағдарлау, білім берудің инклюзивтілігін күшейту, тұрғылықты жеріне және оқыту тіліне қарамастан, сапалы білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету”, – делінген құжатта.

Нәтижесінде 11 жылдық оқыту шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыс Қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасы деңгейіне шығаруға және мектеп түлектеріне Еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін меңгеруге мүмкіндік беру күтіледі.

Құжат 24-ші сәуірге дейін қоғам талқылауында болады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Серпін» өңірлік жобалық офисінің отырысы өтті

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде аймақтық «Серпін» жобасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевтың төрағалығымен кезекті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img