spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-9.8 C
Kokshetau

Аршалы ауданындағы су тасқынының жағдайы тұрақты

Сондай-ақ...оқыңыз

   Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Ержан Жолымбетов пен төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Марлен Бабаев ауданның ағымдағы жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы жөнінде баяндап берді.

Аудан әкімдігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы № А-11 қаулысымен аудандық су тасқынына қарсы штаб құрылды. Ол тасқын суларды дайындау және апатсыз өткізу жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жүргізеді.

−Ағымдағы жылға арналған Аршалы ауданының бюджетінде төтенше жағдайдың алдын алу бағдарламасына 25 миллион теңге қаржы қарастырылды  Төтенше шығындар резервінде аудандық бюджетте 43,8 миллион теңге бар.  Жібек жолы ауылдық округіне қар шығаруға 30 миллион теңге бөлінді. Ауданда жолдарды тазалауға және қар шығаруға 118 миллирадтан астам теңге қарастырылды.  006 бағдарламасы бойынша төтенше жағдайдың алдын алуға және жоюға аудан әкімі аппаратымен АИ-92 маркалы бензин сатып алу өткізілді. Бүгінгі таңда Аршалы ауданында 1 094 текше метр су сорылды. Анар станциясында темір жол бойындағы 6 шақырымды құрайтын қосымша су өткізу резерві  тазартылды, сондай – ақ 75 тонна инертті материал әкелінді. Ауылдық округ әкімдіктері кәсіпкерлік субъектілерімен қар шығару және елді мекендердің жолдарын тазарту бойынша меморандумдар жасады. Барлығы 11 меморандум жасалды,−деді Ержан Жолымбетов.

Қазіргі уақытта қар шығару жұмыстары жүргізілуде. Ауданның елді мекендерінде ағымдағы  жылдың 20 наурызына жақын маңда 528 669  текше метр қар әкетілді. Сондай-ақ, арнайы күштер мен құралдар дайындалды. Жеке құрамның 85 адамы, инженерлік және су айдау техникасының 54 бірлігі, 12 мотопомпасы жұмылдырылды.

Биыл Түрген ауылының маңындағы Есіл өзенінде Төтенше жағдай департаменті, «Көкше бур» серіктестігі, жергілікті атқарушы органдар ауданы 800 шаршы метрді құрайтын 3 учаскеде жарылыс жұмыстарын жүргізді. Жібек жолы ауылдық округінде 8 шағын ауданда жер үйіндісін нығайту үшін 300 тонна инертті материал әкелінді. Сондай-ақ, аудан аумағында 8 гидротехникалық қондырғы бар. «Батпақкөл» көлінің бөгетіне 400 тонна инертті материал әкелу жоспарлануда.

−2023 жылғы су тасқыны маусымына дайындық жаз-күз кезеңінде басталды. Төрт елді мекенде инженерлік қорғау жоспарына сәйкес, 3 бірлік су өткізгіш құрылғыларды орнату, қорғаныс жер білігін нығайту және су бұру каналының құрылғыларын кеңейту және Есіл өзенінің арнасын тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, жоспардан тыс Донецкое ауылында ұзындығы 10 метр, диаметрі 1 метр аудандық маңызы бар жол арқылы су өткізгіш құбыр орнатылды, −деді Марлен Бабаев.

Ілияс ӘУБӘКІРОВ,

«Арқа ажарының» тілшісі.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img