spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Түркия мен Италиядан келген байқаушылар сайлауға қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ...оқыңыз

 

АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркия, Сербия және Италиядан келген байқаушылар Қазақстандағы сайлауға қатысты пікір білдірді. Халықаралық байқаушылар дауыс беру заң талаптарынасәйкес жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайдыҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлау учаскелерінде регламенттің, рәсімдердің орындалуы барысына ерекше мән бердім. Түске дейін бірнеше сайлауучаскесінде болдым. Осы орайда заңнама талаптарын бұзу деректері анықталмағанын айта аламын. Сайлауды ұйымдастыру деңгейі өте жақсы», – деді Халықаралық саясат және экономика институтындағы Еуразиялық зерттеулер орталығының (Сербия) басшысыДушан Пророкович елордадағы Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында өткен брифингіде.

Сонымен қатар «Еуразия» геосаяси зерттеулержурналының (Италия) үйлестірушісі СтефаноВерноле Астанадағы үш сайлау учаскесінебарғанын және сайлаушылардың дауыс беру процесіне қатысуы қарқынды екенін айтты.

Бұдан бөлек, «Marmara group» қорының (Түркия) басшысы доктор Мехмет АкканСувер Қазақстанда депуттарды сайлау процесідемократиялық қағидаларға сәйкес өтіпжатқанын айтты.

«Таңертеңгі суыққа қарамастан, қаладағы 10 сайлау учаскесіне бардым. Дауыс беруге және елдің саяси өміріне қатысып, өз жауапкершілігін сезініп отырған адамдардыкөп кездестірдім. Бұл жағдай Қазақстанның демократияны ілгерілетудегі айқын қадамын байқатып отыр. Әсіресе, сайлауға келіп жатқан жастар өздерінің ұстанымын білдіріп, елдің болашағына елеулі үлесін қосып отыр», – дедіМехмет Аккан Сувер.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img