spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында қызметтік иттердің көмегімен ұрлықтың беті ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Төрт аяқты полиция көмекшілері қылмыстарды ашуға айтарлықтай көмек көрсетеді. Олардың өткір иісінің арқасында биыл 47 қылмыс ашылды, деп хабарлайды Aqmolanews.

Ағымдағы жылдың 7 наурызында Ақкөл ауданының полиция бөліміне Ақкөл қаласының 60 жастағы тұрғыны 7 наурызға қараған түні белгісіз адам аулаға кіріп, «Volkswagen Passat» маркалы автокөліктен аккумулятор ұрлағаны туралы өтінішпен жүгінді. Залал сомасы 32 мың теңгені құрады. Ақмолалықтың айтуынша, автокөлік аулада тұрған және құлыпталмаған. Ер адам дүкенге барғалы тұрған кезде аккумулятордың жоғалуын анықтады.

Оқиға орнына құрамында полиция сержанты Дәукенов Абылайхан және қызметтік-іздестіру иті Герда бар жедел-тергеу тобы келді. Ұрлық орнында аяқ киімнің иісі алынып, неміс овчаркасы полицейлерді көрші көшедегі үйлердің біріне апарды.

«Аумақты тексеру барысында үйдің ауласында қарға көмілген аккумулятор табылды. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 32 жастағы жергілікті тұрғын қаскүнем болып шықты. Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. «Мен Гердамен бір жылдай уақыт жұмыс істеймін. Өткен жылы оның көмегімен бірнеше пәтер ұрлығы анықталды», – деп бөлісті Абылайхан Ержанұлы.

Тағы бір ұрлық 7 наурызға қараған түні Зеренді ауданының Еленовка ауылында жасалды. Мұнда Брайт тәртіп сақшыларына көмекке келді. Дүкеннен азық-түлік ұрлығы жасалғаны туралы арызбен Зеренді ауданының полиция бөліміне 36 жастағы кәсіпкер жүгінді. Ол 7 наурызға қараған түні белгісіз адам дүкенге терезені сындырып кіріп, тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап кеткенін айтты.

Оқиға орнын тексеру барысында дүкеннің жанынан аяқ киімнің іздері табылды. Ізді алған Брайт полиция старшинасы Шындаулетов Дамирдің басшылығымен тәртіп сақшыларын Қарағай көшесіндегі үйлердің біріне алып келді. Полиция үй иесімен сөйлесіп жатқанда, Брайт үйдің артқы жағынан іздері дүкеннің жанынан табылған аяқ киімді алып келді. Бұрын сотталған 20 жастағы Еленовка ауылының тұрғыны ұрлық жасағанын мойындап, полицейлерді көріп, етіктерін аулада жасырғанын айтты. Осы дерекке сәйкес ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта ауыл тұрғынының осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы тексерілуде.

«7 айлық жасында Брайтпен алғашқы сабақтарды өткізе бастадым. Бұл шығыс еуропалық овчарка. Күнделікті жаттығулар нәтиже берді. Брайт өте ақылды ит», – дейді Дамир.

Екі ұрлық та «іздері суымай» ашылды. Облыс бойынша күн сайын тәртіп сақшыларымен бірге қызметке 40-тан астам қызметтік ит қатысады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img