spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

«Мигрант» операциясы: көші-қон заңнамасын бұзудың 9 213 дерегі анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ішкі істер органдары өткізген «Мигрант» операциясы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Операция барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 9 213 дерегі анықталды. Оның ішінде 5 113-і шетелдіктердің елімізде болу мерзімдерін бұзуына қатысты. Шетелдіктердің заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыруының 2 741 фактісі анықталып, 471 жұмыс беруші шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мысалы, Алматы, Атырау қалаларының құрылыс нысандарында заңсыз жұмыс істеген 145 шетелдік анықталды. Осыған ұқсас фактілер Астана, Шымкент қалаларында, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді.

Сонымен қатар, Алматы, Шымкент, Атырау және Павлодар облыстарында шетелдік жұмыс күшін бірнеше рет заңсыз тартқан жұмыс берушілер анықталып, оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 395-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ​Оларда болған шетелдіктер туралы полицияға уақтылы хабарламағаны үшін 3 631 жеке және заңды тұлға жауапқа тартылды.

Көші-қон заңнамасын бұзушыларды елімізден тыс жерге шығару туралы 674 сот шешімі шығарылды. Қоғамдық тәртіпті бұзуына байланысты бірнеше рет құқық бұзушылық жасағаны үшін азаматтық сот өндірісі шеңберінде 62 шетелдікке қатысты елден тыс жерге шығару туралы шешім қабылданды. 145 шетелдік мәжбүрлі түрде елден тыс жерге шығарылды.​ Олардың барлығына 5 жылға дейін Қазақстанға келуге тыйым салынды.

​Өз елінде қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген 22 шетелдік ұсталды.​ Рейдтер өткізу кезінде Жамбыл облысында ҰҚК-нің Шекара қызметімен бірлескен әркеттердің нәтижесінде елімізге заңсыз келген Пәкістанның 9 азаматы ұсталды. Алматы қаласында 2022 жылғы қарашада өткізу пунктінен тыс мемлекеттік шекараны заңсыз кескен Қырғыз Республикасының азаматы анықталды. ​Осы фактілер бойынша, сондай-ақ заңсыз келушілерге баспана ұсынған адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, операция барысында полиция қызметкерлері қандай да бір себептермен жеке басты куәландыратын құжаттарды ала алмаған адамдарды құжаттандыруға көмек көрсетті. Осылайша, 53 жыл бойы құжатсыз жүрген 1970 жылы туған Атырау тұрғыны жеке куәлік алды. ​Мұндай көмек сондай-ақ Алматы қаласында, Қызылорда және Түркістан облыстарында көрсетілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img