spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
16.2 C
Kokshetau

«Өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Өрттерге қатысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында 2023 жылдың 1 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Көкшетау қаласының аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланды.

Басқарманың әрбір инспекторына ғимараттар мен үйлерді аралап, өртке қарсы түсінік жұмыстарын жүргізу үшін қаланың белгілі бір көшелері, сондай-ақ, жалпы және орта білім беретін мектептер бекітілген.Өрт қауіпсіздігі шараларын түсіндіре отырып, жалғыз басты қарттардың, мүгедектердің және көп балалы отбасылардың тұратын жерлерінде аулаларды аралау жүргізіледі.Халық арасында, адамдар көп жиналатын қоғамдық жерлерде өртке қарсы тақырыптағы үгіттік-баспа материалдары таратылады.

Мектепке дейінгі мекемелер мен білім ошақтарында өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша балалардың сіреңкемен ойнамауы, электр пештері мен қондырғыларынан, оттан абай болуы туралы жұмыстар қарастырылады. Айлықты өткізудің басты мақсаты қоғамның назарын жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің проблемалық мәселелеріне аудару, жалпы, халықарасында өртке қарсы түсіндіру жұмыстарын күшейту болып табылады.

Құрметті қала тұрғындары! Көкшетау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Сіздерден өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұрайды. Егер жазатайым бір жерде өрт шыға қалса немесе осыған себеп болатын жағдайларды көзіңіз шалса, дереу 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Көкшетау қалалық төтенше жағдайлар басқармасы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img