spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

«Ауыл – ел бесігі» жобасы Ақмола облысында қарқынды жүзеге асырылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Үкімет отырысында Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Әлихан Смайылов алдағы жылдарға арналған ауылдарды дамыту жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, «Ауыл – ел бесігі» жобасын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2027 жылға қарай даму әлеуеті жоғары барлық 3,5 мың ауылды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу жоспарланды. Олардың ішінде Ақмола облысының 85 ауылы бар. Оларға сапалы жолдардың, мәдениет, спорт және денсаулық сақтау объектілерінің, барлық қажетті жабдықтары бар мектептердің міндетті түрде болуы, жалпы инфрақұрылымды дамыту жұмыстары кіреді.


-Біздің басты мақсатымыз-ауылдағы өмір сапасын жақсарту. Нақты нәтижелер қазірдің өзінде бар. Өткен жылдары «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында барлық қаржыландыру көздерінен 326 миллиард теңге сомасына 3,6 мың жоба іске асырылды, – деп атап өтті Министрлер кабинетінің басшысы.


Ақмола облысында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» жобасымен даму перспективалары бар 294 ауылдық елді мекеннің 85-і қамтылды.


-Өткен жылы ғана 56 жоба бойынша жұмыстар аяқталып, 27 ауылда 112 шақырым кентішілік жолдарға жөндеу жүргізілді. Сондай-ақ, Астрахан ауданы Колутон ауылындағы орта мектепті, Аршалы ауданы Түрген ауылдарындағы мәдениет объектілерін күрделі жөндеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ, 17 ауылда спорттық – ойын алаңдары орнатылып, Сандықтау ауданының Балкашино ауылында стадион қайта жаңартылды, – деп атап өтті Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы.


2023 жылға бес ауылда жолдарды жөндеуге байланысты 12 жобаны іске асыру, Есіл ауданының Қараөзек, Никольское және Заречное ауылдарында сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту бойынша жұмыстар жоспарланды. Целиноград ауданы Қаражар және Қоянды ауылдарында электрмен жабдықтау желілері салынады. Сондай-ақ, биылғы жылы Жақсы ауданының Жақсы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені және Атбасар ауданының Новосельское ауылында фельдшерлік-ақкушерлік пункт салынады. Жоғарыда айтылған жобаларды іске асыру кезінде 73 уақытша жұмыс орны құрылды.

Камила ӘБДЕЛМАНОВА.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img