spot_img
Бейсенбі, Сәуір 18, 2024
19.2 C
Kokshetau

Ақмолалық педагогтар Алматы қаласындағы кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңестің отырысына қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

2023 жылғы 12-13 қаңтар аралығында С.Демирель атындағы университет базасында «Ұлттық құндылықтардың әр түрлі аспектілері: білім, еңбек, тәрбие» кеңейтілген оқу-әдістемелік кеңесінің отырысы өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Алматы облысының білім басқармасы болды.

Кеңейтілген отырысқа Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы басшысының орынбасары А. Ж. Алдабергенова, облыстың дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінің директорлары, директорларының орынбасарлары қатысты.

Қатысушылар айтқандай, оқу-әдістемелік кеңестің жұмысы барысында Қазақстан Республикасының дарынды балаларына арналған жекелеген мамандандырылған мектептердің жұмыс тәжірибесі көрсетілді, пән мұғалімдерінің шығармашылық шеберханалары, оқушылардың шығармашылық жұмыстары көрсетілді. Инновациялық идеялар панорамасы аясында қатысушылар үшін ІТ-жобалардың, авторлық бағдарламалардың, ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің тұсаукесерлері өткізілді.

Кеңесте қазіргі мектептегі жаңа өзгерістер туралы сұрақтар көтерілді, олар әлемдік білім беру тәжірибесін қолдана отырып, баланың жеке басының дамуын қамтамасыз ететін оқу-тәрбие модельдерін іздеуге және қолдануға бағытталуы керек. Оқытудың әлемдік стандарттарына бағдарланған кезде білім алушыларда ұлттық құндылық бағдарларын қалыптастыруға ерекше мән беру қажеттігі атап өтілді.

Айта кетейік, оқу-әдістемелік кеңестің жұмысына 150 мұғалім, директорлар, мамандандырылған білім беру ұйымдары директорларының орынбасарлары Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарынды балалармен жұмыс жөніндегі өңірлік орталықтары қатысты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Киелі мекен» экологиялық акциясына 150-ден астам көкшетаулық қатысты

Бүкіл әлем қоқыстарды сұрыптауды бастау маңызды екенін түсінеді. Бұған біздің қоғам да жақындап келе жатқаны қуантарлық жағдай. Осыған байланысты, Ақмола...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img